«My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі Қазіргі заманда технология күн сайын дамып, адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Соның ішінде робототехника саласы ерекше қарқынмен дамуда. Роботтар өндірісте, медицинада, білім беру жүйесінде, тіпті күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып жатыр. Осыған байланысты жастардың робототехникаға қызығушылығы артып, түрлі ғылыми жобалар мен байқаулар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «My Robot» облыстық байқауы. Байқаудың мақсаты- 10-18 жас аралығындағы оқушылардың роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету. Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай «МТЖО» МКҚК базасында «My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға білім беру ұйымдарынан 11 команда 4 категориядан: «Инновациялық роботтар» категориясы: 14-18 жас аралығында; «Көкпар» категориясы: 14 – 18 жас аралығында; «Арқан тартыс» категориясы: 10 – 13 жас аралығында; «Теңге алу» категориясы: 10 – 13 жас аралығында 25 оқушы бақтарын сынады. Төрешілердің шешімдері бойынша «Көкпар» категориясынан: І орын - Талғат Алихан, Тұяқ Алижан (Т.Жароков атындағы ЖОББМҒ.), жетекшісі-Талғатов Дархан Талғатұлы; ІІ орын - Еболат Нұрәлі, Сенер Нурали (Аблуллин атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Мендешов Мершат Салауатович; ІІІ орын - Сағынғали Ердар, Иса Ермұхаммед (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Талғатов Дархан Талғаұлы. «Арқан тартыс» категориясынан: І орын - Нұрышев Сағындық, Нұрболат Тайман (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Талғатов Дархан Талғаұлы; ІІ орын - Боранбаев Арлан,Мақаш Мансұр (Ө.Сахипов атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Темиргалиев Нурлыбек Мурадымович; ІІ орын -Серік Қайсар, Базарбай Әли (МТЖО), жетекшісі- Сағадатов Елдос Базарбайұлы; ІІІ орын - Мелхат Алпамыс (Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ), жетекшісі -Мендешов Мершат Салауатович. «Теңге алу» категориясынан: І орын - Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Талғатов Дархан Талғаұлы. «Инновациялық роботтар» категориясынан: І орын - Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖОББМ, МТЖО), жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нурланұлы, Сағадатов Елдос Базарбайлы; ІІ орын - Жасталап Еларыс, Құбайдолла Әлижан (М.Иксанов атындағы МББК), жетекшісі- Имангалиев Асылхан Аскарович; ІІІ орын - Иса Ермұхаммед, Қуанғали Жансерік (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі -Талғатов Дархан Талғатұлы. Робототехника – тек техника жасау емес, ол болашақты құру. Бүгінде дамыған елдерде роботтар қауіпті жұмыстарды атқарып, адамдардың еңбегін жеңілдетуде. Мұндай жаңалықтар адамзат өмірін жақсартуға бағытталған. «My Robot» байқауына қатынасу – әр оқушы үшін үлкен тәжірибе. Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, тың идеяларымен бөліседі. Бұл олардың өзіне деген сенімін арттырып, болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Әсіресе IT және инженерия саласына қызығатын жастар үшін мұндай жарыстар үлкен мүмкіндік болып табылады. Робототехника – болашақтың маңызды салаларының бірі. Ал «My Robot» сияқты байқаулар жас өнертапқыштардың қабілетін шыңдап, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі ізденімпаз оқушы – ертеңгі білікті инженер әрі жаңашыл маман. Барша оқушыларымыз робототехника жарысында өте жоғары нәтиже көрсетті, өздерінің білімін, ептілігін және шығармашылық жұмысын көрсете білді. Бұл жетекші педагогтарының үлкен ізденіс пен тынымсыз еңбектерінің нәтижесі. Шәкірт тәрбиелеудегі еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін зор алғыс білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз бен бағыт-бағдарларыңыз оқушылардың үлкен жетістікке жетуіне жол ашады. Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын! Оқушыларымызға тың идея, сарқылмас шабыт, батыл қиял және жеңіс тілейміз! Әр жобаңыз сәтті болып, еңбектеріңіз жоғары бағалансын. Білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан сөнбесін! «My Robot» байқауы баршаңызға жаңа мүмкіндік, тәжірибе және жарқын жеңістер сыйласын! Сәттілік пен толағай табыс тілейміз!
27 сәуір күні Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы және Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен қала және аудандық бім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстық мектептердің IT орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрландыру:практикалық қолдау тәжірибесі» атты Т.Жароков атындағы ЖОББМ базасында облыстық семинар оздырылды. Семинардың мақсаты- оқу үдерісінде цифрлық ресурстарды тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу, цифрлық білім беру ортасын дамытуға бағыт беру мен практикалық қолдау көрсету және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру. Семинар аясында қатысушылар: Заманауи цифрлық құралдарды қолдану тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында цифрлық құралдарды тиімді пайдалану жолдарын қарастырып, өзара тәжірибе бөлісті. Заманауи цифрлық технологияларды қолдану бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастырды. Цифрлық құралдарды пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты. Цифрлық білім беру ортасын дамытуға әдістемелік бағыт беріліп әрі практикалық қолдау ұсынылды.
13 ақпан күні Шабыт оқу орталығы базасында өткен «ROBOTEK GRAND TOURNAMENT» халықаралық робототехника чемпионатының облыстық іріктеу кезеңінде ауданымыздың оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 🔹 «Мерген» категориясы бойынша Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің 8 “В” сынып оқушысы Амангелді Ераман – ІІІ орын. 🔹 «Инверстік сызық бойымен жарыс» категориясы бойынша Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің 6 «Ә» сынып оқушысы Оразбек Мұстафа – ІІІ орын. Жүлдегер оқушыларымызды дайындаған жетекшісі – Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Уахитов Исатай Нұрланұлы. Оқушыларымыз бен ұстазын құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейміз!
2026 жылдың 09 ақпанында білім алушылардың робототехника, инженерия және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау, жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету, қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару, бәсекеге қабілетті командаларды анықтап «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына іріктеу мақсатында мектептен тыс балалар орталығы базасында облыстық роботтық техника жарысының аудандық кезеңі оздырылды. Роботтық техника жарысына аудандық білім беру бөліміне қатысты білім беру ошақтарының оқушылары және мектептен тыс балалар орталығының тәрбиеленушілері қатынасты. Жарыс мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасында спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету. Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау; Ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал ету және жастар арасында инженерлік мамандықтардың беделін арттыру; Балалар мен жасөспірімдерде спорттық және кәсіби қызмет үшін қажетті дағдыларды дамыту; Жастардың өзекті инженерлік-техникалық міндеттерді практикалық шешу және техникамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; Балалар мен жастардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыру; Дарынды жастарды анықтау, іріктеу және қолдау; Робототехника бойынша республикалық және халықаралық чемпионаттарға қатысу үшін облыстың (өңірдің, Республикалық маңызы бар қаланың) ең мықты спортшыларын іріктеу турларында анықтау және құрама командаларын қалыптастыру; Елдің робо-спорт резервін қалыптастыру және дамыту. Роботтық техника жарысы «Роботек», «Инверстік сызық бойымен жарыс», «Жеткізуші робот», «Мерген», «Туды жеткізу», «Сұрыптаушы робот», «РобоБаскетбол» санаттарынан өткізілді. Жарыс төрешілерінің шешімі бойынша төмендегі оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып облысқа жолданды. “ Инверсттік сызық бойымен жарыс ” санатынан: Төлеген Бердібек (МТЖО тәрбиеленушісі, 8 сынып), жетекшісі - Сағадетов Елдос Базарбайұлы; “ Роботек ” санатынан: Хасимов Карим (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 5 сынып), жетекшісі- Талғатов Дархан Талғатұлы; “ Мерген ” санатынан: Амангелді Ераман (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 8 класс), жетекшісі- УахитовИсетай Нурланович; “ Сұрыптаушы робот ” санатынан: Нұрлан Шыңғыс (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 8 класс), Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖББОМ, 11 класс), жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нұрланұлы. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Ұстаздарымызға алғыс білдіреміз, облыстық кезеңге жолдама алған жүлдегерлерімізге сәттілік тілейміз! Аудан намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз!
"Математикалық және оқу сауаттылығы: табысты синергия" байқауының облыстық кезеңінен жеңімпаз атандық. "Математикалық және оқу сауаттылығы: табысты синергия" байқауының аудандық кезеңінен үздік деп танылған 5 қазақ тілі мен әдебиеті пәні және 5 математика пәні мұғалімдері аталмыш байқаудың облыстық кезеңінде бақ сынасып қайтты. Байқауға облыс бойынша 14 команда, 140 педагог қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдерінен құралған командалар байқаудың жұптық және топтық, финалдық кезеңдерінде оқу сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсету арқылы сайысқа түсті. Іс-шара БҚО білім басқармасының қолдауымен, облыстық әдістемелік орталығы және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өтті. Білім додасы толықтай "Zerdeli App" платформасында компьютерлік форматта өткізіліп, республикалық кезеңде бас жүлде иеленген Батыс Қазақстан облысы командасының мүшелері бақылаушы ретінде қатысып, бағалау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті. І кезең - жұптық сайыста қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәндерінің мұғалімдері жұптасып, мәтінді түсіну, талдау, логикалық ойлау және күрделі тапсырмаларды шешу дағдыларын сынады. Бұл кезеңнен Кожасова А.М. мен Муханбедиярова З. ІІ орын, Жумабаева Г.С. мен Абесов Н.Н. ІІІ орын, Сүйінішкалиева Б.К. мен Кунисбаев Б.С. ІІІ орынды иемденді. ІІ кезең - топтық сайыстан Жәнібек ауданы командасы жоғары ұпай жинаған 6 команданың ішінде төртінші болып финалға жолдама алды. Сайыс қорытындысы бойынша команда жүлделі 2 орынға ие болып аудан атын асқақтата түсті! Бұл байқау - жаңашыл ойлау мен бірлескен кәсіби ізденістің алаңына айналып, мұнда әр команда тәжірибе алмаса отырып, жаңа деңгейдегі білімдік диалог қалыптастыруға қадам жасады. Табысты синергия табысты мұғалімдерден басталады!
"МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ" семинар-практикум Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Т.Жароков атындағы ЖОББМ базасында білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдерінің олимпиада есептерін шешу әдіс-тәсілдерін үйрету, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру мақсатында "МАТЕМАТИКАДАН ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ" тақырыбында семинар-практикум оздырылды. Семинарға білім беру бөліміне қарасты мектептерден 25 мұғалім қатынасып ЕСЕНГАЛИЕВА МЕНСУЛУ ТЕЛАГИСОВНА ( “Т.Жароков атындағы ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші), ГУСМАНОВ АЛМАБЕК МАКСИМОВИЧ ( “Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші), КУНИСБАЕВ БЕКНУР САРСЕНБАЕВИЧ ( “Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы), ТЕМИРЖАНОВА МИРГУЛ ЖАНБУЛАТОВНА ( “Ұзынкөл ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-модератор), ШАПАҒАТОВА ГУЛЬСАРА ШАПАҒАТОВНА ( “Т.Жароков атындағы ЖОББМ” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-модератор) өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында тапсырмалар талданды, есептер шығарылды, тренингтер ұйымдастырылды, мұғалімдер белсенді қатысып әдістемелік қоржындарын толықтыра түсті.
«Математикалық регата» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық байқауының аудандық кезеңі оздырылды. Іс-шараға аудан бойынша білім беру ұйымдарынан 28 математика пәні мұғалімдерінен құралған “Алгоритм”, “П”, “Пифагор”, “Лемма”, “Интеграл”, “Радикал” командалары қатысты. Байқаудың мақсаты педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру, дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру, қоғамдағы имиджін қалыптастыру, мәртебесін өсіру. Байқау қорытындысы бойынша: І дәрежелі грамотамен “Алгоритм” командасы -Г.Ш.Шапагатова, С.С. Хамитқызы, Е.Б.Габдрахимов, И.С.Кадыров; ІІ дәрежелі грамотамен “Пифагор” командасы -Н.Г.Машанова, Б.Н.Рамазанов, Б.С.Кунисбаев, М.Ж.Темиржанова; ІІІ дәрежелі грамотамен “П” командасы-Н.Н.Абесов, А.Б.Газезов, Е.Н.Кабдиров марапатталды. «Факториал» командасы Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Есенгалиева Менсулу Телагисовна, Сәбитова Светлана Хамитқызы , Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Гусманов Алмабек Максимович, Ғ.Сарбаев атындағы МББК-нің математика пәні мұғалімі Кабылнасиров Ардак Елемесович облыстық байқауға жолдама алып аудан намысын қорғайтын болады. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтай отырып алдағы облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!!!
«My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай 10-18 жас аралығындағы оқушылардың роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында «МТЖО» МКҚК базасында «My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға білім беру ұйымдарынан 11 команда 4 категориядан: «Инновациялық роботтар» категориясы: 14-18 жас аралығында; «Көкпар» категориясы: 14 – 18 жас аралығында; «Арқан тартыс» категориясы: 10 – 13 жас аралығында; «Теңге алу» категориясы: 10 – 13 жас аралығында оқушылар бақтарын сынады. Төрешілердің шешімдері бойынша «Көкпар» категориясынан: І орын - Ерболат Нұржол, Ануар Назарбек (Ғ.Аблуллин атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Мендешов Мершат Салауатович; ІІ орын - Нұрлан Шыңғыс, Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Утегенов Мырзабек Нурланұлы; ІІІ орын - Темирхан Айлана, Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Уахитов Исетай Нурланович. «Арқан тартыс» категориясынан: І орын - Амангелді Ераман, Нұрлан Шыңғыс (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нурланұлы; ІІ орын - Ерболат Нұрәлі, Таңат Санжар (Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Мендешов Мершат Салауатович; ІІІ орын - Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі -Талғатов Дархан Талғатұлы. «Теңге алу» категориясынан: І орын - Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Рахмушев Мэльс Шайхоллаевич; «Инновациялық роботтар» категориясынан: І орын - Амангелді Ераман, Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нурланұлы; ІІ орын - Жанбулатов Еламан (Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Нұрмұхан Тұрарбек Нұрбекұлы; ІІІ орын - Темирхан Айлана және Нұрышев Сағындық, Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі -Талғатов Дархан Талғатұлы. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!! Қадамдарына сәттілік тілейміз. Алар асулары биік болсын демекпіз. Облыстық кезеңнен жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз.