
БҚО бойынша ЭТТД ҰББ-ның аға тергеушісі Л.Уразгалиева жуырда берген сұхбатында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы күреске баса назар аударды.
Сұхбат барысында департамент өкілі қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру схемалары мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіретінін атап өтті. Қылмыскерлер заңсыз капитал көздерін жасыру үшін күрделі қаржылық құралдар мен халықаралық операцияларды белсенді пайдалануда.
Күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтау — кірістерді жылыстатуға қарсы ұлттық жүйенің маңызды бөлігі болғандықтан, мұндай әрекеттерге қарсы күресте азаматтар мен бизнестің қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Сұхбатта қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы тиімді күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар қоғам мен адал бизнес өкілдерінің бірлескен міндеті екені атап өтілді.