
Медеу ауданы әкімінің аппараты мен Алматы қаласы бойынша «Шинкиокушинкай каратэ федерациясы» бірлесіп, 13 желтоқсан күні Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында кумитэ және ката дисциплиналары бойынша балалар, жасөспірімдер мен юниорлар арасында Медеу ауданы әкімінің Кубогына арналған Шинкиокушинкай каратэден дәстүрлі турнир өткізді.
Жарысқа 5 жастан 15 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны шамамен 200 адамды құрап, бұл аталған спорт түріне деген қызығушылықтың жоғары екенін және жас ұрпақ арасында каратэнің белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді.
Турнир салауатты бәсекелестік, жоғары спорттық рух пен өзара құрмет жағдайында өтті. Жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін, ерік-жігерін, тәртіптілігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Аталған жарыс дарынды спортшыларды анықтауға, олардың спорттық шеберлігін арттыруға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын және шығыс жекпе-жек өнерін насихаттауға маңызды алаң болды.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.
________
Аппаратом акима Медеуского района совместно с «Федерация каратэ Шинкиокушинкай» по г. Алматы 13 декабря во Дворце школьников города Алматы был проведён Традиционный турнир по Шинкиокушинкай каратэ в дисциплинах кумитэ и ката на Кубок акима Медеуского района среди детей, юношей и юниоров.
В соревнованиях приняли участие спортсмены в возрастных категориях от 5 до 15 лет. Общее количество участников составило около 200 человек, что свидетельствует о высоком интересе к данному виду спорта и активном развитии каратэ среди подрастающего поколения.
Турнир прошёл в атмосфере здорового соперничества, спортивного духа и взаимного уважения. Юные спортсмены продемонстрировали высокий уровень подготовки, силу воли, дисциплину и стремление к победе.
Соревнования стали важной площадкой для выявления талантливых спортсменов, повышения их спортивного мастерства, а также популяризации здорового образа жизни и восточных единоборств среди детей и подростков.
По итогам турнира победители и призёры были награждены кубками, медалями и грамотам