
05.12.2025 күні Логистика және көлік академиясының Алматы колледжі қабырғасында прокуратура ардагерлері мен Заң палатасының қатысуымен «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында бірлескен іс-шара өтті.
Логистика және көлік академиясының Алматы колледжінде құқықтық мәдениетті нығайту және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға прокуратура ардагерлері, Заң палатасының өкілдері және колледж қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылап, құқықтық жауапкершілік, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері және қауіпсіз әрі әділ құқықтық ортаны қалыптастырудағы қоғамдық институттардың рөлі туралы пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты дамытуға және азаматтардың заң талаптарын сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
_______
5 декабря 2025 года в Алматинском колледже Академии логистики и транспорта прошло совместное мероприятие с ветеранами прокуратуры и представителями Юридической палаты, посвящённое республиканской программе «Закон и порядок».
На площадке колледжа состоялась содержательная встреча, направленная на укрепление правовой культуры и повышение юридической грамотности. Участниками стали ветераны прокуратуры, члены Юридической палаты и сотрудники образовательного учреждения.
Во время обсуждений спикеры рассмотрели основные направления программы «Закон и порядок», особое внимание уделив вопросам правовой ответственности, профилактике правонарушений и роли общественных институтов в создании безопасной и справедливой правовой среды.
Подобные инициативы помогают повышать правовую осведомлённость и формируют у граждан ответственное отношение к соблюдению законодательства.