Сегізінші шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясын өткізу күні мен күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 10-бабына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың кезекті елу төртінші сессиясы 2025 жылдың 24 желтоқсанында сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залына шақырылсын.
2. Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелерді енгізу ұсынылсын:
2.1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы
18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес Үлкен Ақсу және Шарын ауылдық округтері әкімдерінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі (Баяндамашылар – Үлкен Ақсу және Шарын ауылдық округтерінің әкімдері);
2.2. Ұйғыр ауданының 2026-2028 жылдарға аранлаған бюджетін бекіту туралы (Хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Ызғарбек);
2.3. Өзге де мәселелер.
Ұйғыр аудандық
мәслихатының төрағасы Н. Есжан