ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНА!
Сегізінші шақырылған Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясын өткізу күні мен күн тәртібі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 10-бабына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ : Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу бесінші сессиясы 2025 жылдың 30 желтоқсан күні сағат 10.30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залына шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселені енгізу ұсынылсын: 2.1. Ұйғыр ауданының ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы (Хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Ызғарбек). Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы Н. Есжан