Аудандық «My little theatre» сахналық қойылымдар байқауының ЕРЕЖЕСІ

    Статус
    Завершено
    Формат
    Очно
    Аудандық «My little theatre» сахналық қойылымдар байқауының ЕРЕЖЕСІ
    КонкурсЗавершено

    Бекітемін

    Жаңаарқа ауданының білім бөлімі

    басшысы

    _________ М.Е.Балабаева

    «03» сәуір 2026 ж.

    Аудандық «My little theatre» сахналық қойылымдар байқауының

    ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ережелер

    Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес « ауыл мектебі- сапа алаңы» тқжырымдамасы негізінде тірек, толық және серіктес шағын жинақты мектеп оқушыларының тілдік құзіреттілігін және шығармашылық әлеуетін арттыру, достық құндылықтарын дәріптеу және сахна мәдениетін қалыптастыру «My little theatre» сахналық қойылымдар өткізіледі.

    1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
      • Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамыту, актерлік шеберлікті ояту, мейірімділік пен достық атмосферасын қалыптастыру.
      • Міндеттері:
    • Тұлғааралық қарым-қатынасты нығайту ;
    • Көркем әдебиетке және театр өнеріне деген қызығушылықты арттыру;
    • Көпшілік алдында ағылшын тілінде еркін сөйлеу және өзін-өзі ұстау дағдыларын дамыту.
    1. Байқаудың қатысушылары

    3.1 Байқауға білім беру ұйымдарының 5-9сынып оқушыларынан құралған шығармашылық топтар (театр үйірмелері, сынып ұжымдары) қатыса алады.

    1. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары
      • Байқаудың уақыты: 04.2026ж. 15.00
      • Өтетін орын: Б.Амалбеков тірек мектебінің АКТ залы
      • Қойылым тақырыбы: Жас ерекшеліктеріне сай еркін тақырыпта
      • Уақыт регламенті: Әр қойылымның ұзақтығы 15-20минуттан аспауы тиіс.
      • Тілдік ерекшелігі: Қойылым тек ағылшын тілінде жүргізіледі
      • Техникалық талап: Қатысушылар қажетті декорацияларды, костюмдер мен музыкалық сүйемелдеуді өздері дайындайды.
      • Өтінімдер сәуір айының 13 дейін Nuri_12_1991@mail. ru электронды почтасында қабылданады
    1. Бағалау критерийлері
    • Қазылар алқасы қатысушыларды мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:
    • Актерлік шеберлік: Кейіпкердің образын ашу, дикция, тілдік дағды, сахналық мәдениет.
    • Режиссерлік шешім: Қойылымның композициялық тұтастығы, сахнаны тиімді пайдалану.
    • Көркемдік безендіру: Костюмдер, декорациялар және музыканың тақырыпқа сай келуі.
    1. Марапаттау
      • Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады және сыйлықтар табысталады.

    Өтінім үлгісі

    Мектебі

    Сыныбы

    Тақырыбы

    Қатысатын оқушы саны

    Жетексіші

    Жетекшінің байланыс телефоны

    1

    Методический кабинет

    Похожие материалы

    ОлимпиадаЗавершено

    Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиада

    Бекітемін Жаңаарқа ауданының білім бөлімі __________ М.Е.Балабаева «06» сәуір 2026 ж. Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сыныптары арасында Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕ Жалпы ережелер Осы Ереже Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында өткізілетін Scratch бағдарламалау тілі бойынша аудандық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Олимпиада жалпы білім беретін мектептердің 2–4 сынып оқушыларына арналған және олардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, логикалық және алгоритмдік ойлауын дамытуға бағытталған. Олимпиаданы өткізу барысында қатысушылардың тең мүмкіндіктері, академиялық адалдық қағидалары және ашықтық қамтамасыз етіледі. Осы Ереже олимпиаданың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу кезеңдерін, қатысу шарттарын, бағалау тәртібін, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау механизмін белгілейді. Олимпиада аудан деңгейінде өткізіледі және қатысушылар мектепішілік іріктеу нәтижесі бойынша жіберіледі. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының Scratch бағдарламалау ортасына қызығушылығын арттыру. Логикалық, алгоритмдік және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Цифрлық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері Оқушылардың бағдарламалау негіздері бойынша білімдерін тереңдету және практикада қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету. Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау. Оқушылардың креативтілігін және жобалық ойлауын дамыту. Өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық технологиялар саласына қызығушылықты арттыру. Олимпиаданы өткізу тәртібі Олимпиаданың өтетін күні – 04.2026 Өтінімдерді қабылдау 04.2026 дейін жалғасады Өтінімдер [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады Олимпиада екі турдан тұрады: І кезең (теориялық) ІІ кезең (практикалық) Олимпиада офлайн форматта «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында өткізіледі. Олимпиадаға қатысушылар әр мектепте өткізілген іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жіберіледі. I кезеңде қатысушылар Scratch бағдарламалау негіздері бойынша тест тапсырмаларын орындайды. Тапсырмалар жабық форматта беріледі (бір дұрыс жауап). II кезеңде қатысушылар берілген тақырып бойынша Scratch бағдарламасында жоба әзірлейді (ойын, анимация немесе интерактивті көрініс). Әр қатысушы жеке компьютермен қамтамасыз етіледі. Қатысушыларға тек қажетті бағдарламалармен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Олимпиада барысында қатысушыларға бір-бірімен сөйлесуге, сырттан көмек алуға және дайын материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Олимпиаданың ұзақтығы: I кезең - 30–40 минут; II кезең - 60–90 минут. Қатысушылардың жұмыстары белгіленген бағалау критерийлері бойынша қазылар алқасымен тексеріледі. Олимпиада өткізу кезінде академиялық адалдық қағидалары сақталады. Ережені бұзған қатысушылар олимпиададан шеттетіледі. Олимпиада нәтижелері қорытынды отырыста жарияланады. Олимпиаданың кезеңдері Олимпиада екі кезеңнен тұрады: теориялық және практикалық . I кезең - теориялық (тест): Қатысушылар Scratch бағдарламалау негіздері бойынша тест тапсырмаларын орындайды; Тест 20–25 сұрақтан тұрады; Әр сұраққа 1 дұрыс жауап беріледі; Тапсырмаларды орындау уақыты - 30–40 минут; Бұл кезеңде қатысушылардың теориялық білімдері бағаланады. II кезең - практикалық: Қатысушылар Scratch ортасында берілген тақырып бойынша жоба әзірлейді; Жоба түрлері: ойын, анимация немесе интерактивті тапсырма; Тапсырмаларды орындау уақыты - 60–90 минут; Қатысушылар өз жобаларын толық аяқтап, жұмыс істеуін көрсетуі тиіс. Практикалық кезеңнің бағалау критерийлері: жобаның логикасы және дұрыс жұмыс істеуі; алгоритмнің құрылымы; креативтілік және идеяның ерекшелігі; интерфейс және визуалды безендіру; тапсырма талаптарына сәйкестігі. Әр кезеңнің нәтижелері бойынша қатысушылардың ұпайлары есептеліп, қорытынды рейтинг анықталады. Қатысушылар Олимпиадаға Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 2–4 сынып оқушылары қатыса алады. Әр білім беру ұйымынан олимпиадаға 2–4 оқушыдан қатыстыруға рұқсат етіледі. Қатысушылар мектепішілік іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады. Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Қатысушылар олимпиада өтетін күні белгіленген уақыттан кешікпей тіркеуден өтуі тиіс. Қатысушылар өзімен бірге оқушы билетін немесе мектептен берілген анықтаманы алып келуі қажет. Олимпиада барысында қатысушылар осы Ережеде көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті. Ереже талаптарын бұзған жағдайда қатысушы олимпиададан шеттетіледі. Ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы мектептің әкімшілігіенн және информатика пәні мұғалімдерінен қалыптастырылады. Ұйымдастыру комитетінің негізгі міндеттері: олимпиаданы өткізу жоспарын әзірлеу және бекіту; олимпиада тапсырмаларын дайындауды ұйымдастыру; қатысушыларды тіркеу және тізімін қалыптастыру; олимпиаданың өткізілу барысын үйлестіру; қажетті техникалық және ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету; қорытынды нәтижелерді дайындау және жариялау. Ұйымдастыру комитеті олимпиаданың ашық, әділ және талаптарға сәйкес өткізілуіне жауап береді. Қазылар алқасы Олимпиада жұмыстарын бағалау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы аудан мектептерінің тәжірибелі информатика пәні мұғалімдерінен қалыптастырылады. Қазылар алқасының негізгі міндеттері: қатысушылардың жұмыстарын белгіленген критерийлер бойынша бағалау; әр кезең бойынша ұпайларды есептеу; олимпиаданың қорытынды нәтижелерін анықтау; жеңімпаздар мен жүлдегерлерді айқындау; даулы мәселелерді қарастыру. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Бағалау барысында әділдік, ашықтық және объективтілік қағидалары сақталады. Олимпиада қорытындылары мен марапаттау рәсімі Олимпиада нәтижелері әр кезең бойынша жинақталған ұпайлар негізінде анықталады. Қатысушылардың жұмыстары белгіленген бағалау критерийлері бойынша әділ және объективті түрде тексеріледі. Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер болып танылады. Олимпиада қорытындысы бойынша: I орын; II орын; III орын тағайындалады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және қажет болған жағдайда бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қосымша номинациялар берілуі мүмкін: «Ең креативті жоба»; «Үздік ойын»; «Үздік дизайн». Марапаттау рәсімі олимпиада аяқталғаннан кейін өткізіледі. Қорытынды ережелер Олимпиада осы Ереже негізінде өткізіледі және барлық қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Олимпиада барысында академиялық адалдық қағидалары қатаң сақталуы тиіс. Қатысушыларға бір-бірімен сөйлесуге, сырттан көмек алуға, дайын жобаларды пайдалануға және интернет ресурстарын қолдануға тыйым салынады (ұйымдастыру комитеті рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда). Ереже талаптарын бұзған қатысушылар қазылар алқасының шешімімен олимпиададан шеттетіледі. Даулы мәселелер туындаған жағдайда, олар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының бірлескен шешімімен қарастырылады. Олимпиада нәтижелері жарияланғаннан кейін өзгертілмейді. Осы Ережеде қарастырылмаған жағдайлар ұйымдастыру комитетінің шешімімен реттеледі. Осы Ереже олимпиада өткізілетін күннен бастап күшіне енеді. ӨТІНІМ ҮЛГІСІ Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сыныптары арасында Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиадаға _________________________________ мектебінен ӨТІНІМ Қатысушының аты-жөні Қатысушының туған күн, ай, жылы Білім беру ұйымының атауы Сыныбы Жетекшісінің аты-жөні Жетекшісінің байланыс нөмірі Мектеп директоры Мөр және қолы Аты-жөні

    ОлимпиадаЗавершено

    «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезең

    «БЕКІТЕМІН» «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ басшысы _____________ Балабаева М. «___» _________ 2026 ж. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Осы Ереже «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI ҚР Заңы негізінде әзірленді. Олимпиаданың аудандық кезеңі педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіби дамуына және дарынды балалармен жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған. 4. Облыстық кезең және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру. II . Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Жас педагогтерге кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктеріндамытуға жағдай жасау, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру. Міндеттері: педагогикалық мамандықтың беделін арттыру; жас педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін дамыту; инновациялық тәжірибені іздеу және мәдениетін қалыптастыру; эксперименттік және зерттеушілік жұмыстарға қызығушылықты арттыру; педагогтердің кәсіби ойлауын, талдау дағдыларнын дамыту; жас мамандар арасында кәсіби қауымдастықты нығайту және қолдау жүйесін қалыптастыру; III. Олимпиаданың құрылымы мен қатысушылары 5.Олимпиада үш бағыттан (сатыдан) тұрады: I саты – жас педагогтер II саты - педагог-психологтар III саты – тәлімгерлер 6.Олимпиадаға қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс. 7.Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын орындау арқылы педагогикалық зерттеу дағдыларын, әдістемелік құзыреттілігін, кәсіби мағызды тұлғалық қасиеттерін көрсетеді. 8.Аудандық кезеңнің тапсырмалары облыстық кезеңнің талаптарына сәйкес дайындалады және жалпы кәсіби біліктіліктің төрт деңгейлік жүйесіне сай күрделенеді. IV. Қатысушыларды бағалау өлшемдері 9. Бағалау критерийлері: * материалдың жүйелілігі мен дәйектілігі; * кәсіби қызмет динамикасы; * ұсынылған материалдардың мазмұндылылығы мен толықтығы; * эстетикалық рәсімделуі. «Өзін-өзі таныстыру» кезеңі барысында: * шығармашылық жұмысты таныстыру деңгейі; * кәсіби жетістіктерге рефлексивті талдау жасай білуі; * АКТ қолдану деңгейі; * ауызша сөйлеу мәдениеті (мәнерлілігі, сауаттылығы, образдылығы) * импровизация жасау қабілеті; * аудиториямен жұмыс жүргізу дағдысы. Идеяны бағалау: * педагогикалық құзыреттілік (әдістемелік сауаттылық, АКТ, мақсаттардың жүзеге асуы) ; Олимпиаданың кезеңі Олимпиада 2026 жылдың 29,30 қаңтар күндері өтеді. Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысады. Еңбек өтілімдері 5 жылдан аспауы тиіс. Байқаудың өтетін орны: Б.Амалбеков атындағы ТМ базасындағы /РО/. Қатысушылар әр сатыға байланысы тест тапсырмаларын орындайды. 29 қаңтар күні тест тапсырытын уақыты: 10:00-12:00 «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру (фотопрезентация, бейнепрезентация, аудиожазба, көркемсөз, т.б. шығармашылық жолдар арқылы көрсетілуі мүмкін). 30 қаңтар күні қатысушы өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарасын ұсынады. (презентаци уақыты 5-7 минут). Өтетін уақыты: 10:00-12:00 . 15 . Қатысушының өтінімдерін бекітіп (вортта, электронды түрде) 20 қаңтарға дейін барлық олимпиада материалдарын, [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет. VI . Байқауда мыналар бағаланады: - Қатысушысының кәсібилігі мен жаңашыл идеяларының ұсынылуы; Оқушыға білім берудің жаңашыл әділ-тәсілдерін меңгертуі; - Қатысушысының коммуникативтік белгілері; - Қатысушысының ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеруі. Олимпиада нәтижесі әр тапсырма бойынша 10 ұпаймен бағаланады. Әрбір қатысушының нәтижесі әр тапрсырма бойынша жинаған ұпайларының қосындысы арқылы айқындалады. Екі кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 3 қатысушы Олимпиада лауреаттары болып жарияланады. Жоғарғы ұпай жинаған лауреат Олимпиада жеңімпаздары болады. VII. Қорытынды шығару және марапаттау. Олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті Жаңаарқа ауданының білім бөлімі болып табылады. Олимпиаданың ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық олимпиаданы комиссиясы құрылады. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы олимпиаданы ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады. Олимпиада жеңімпаздары марапатталады. Қосымша 3. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысушылар № Педагогтердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлік бойынша) Қала (аудан) ББҰ толық атауы Байланыс телефон,: e-mail:

    СоревнованиеЗавершено

    ХІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі «RoboLand 2026» аудандық жарысы

    Бекітемін «Жаңаарқа аудандық білім бөлімі» ММ басшысы __________ М. Е. Балабаева «__» ___________2026ж ХІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі «RoboLand 2026» аудандық жарыстың ЕРЕЖЕСІ «Жаңаарқа аудандық білім бөлімі» ММ мен «Оқушылар үйі» КМҚК ұйымдастырумен робототехника үйірмелері арасында «Roboland-VI» аудандық байқау өткізіледі. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, робототехника үйірмесіне қызығушылықтарын арттыру, бағдарламалау және инновациялық технологиялар саласында қызметті дамыту, техникалық шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу, техникалық құрастыру дағдыларын игеру, робототехниканың оқытудағы жаңа шығармашылық бағытын дамыту. Байқау барысы: Байқау оқушылар арасында робототехниканың төмендегі санаттар бойынша ұйымдастырылады: «Басқарылатын роботтардың шағын футболы» «Кегельринг-квадро Х2» «Лабиринт. Level 1» «Теңге алу» «Садақ ату» «Шығармашылық санат» жобалар байқауы «Болашақ инженерлері - 3D прототиптеу» Жарыстын әр санатына тек 1 команда қатысады. Өткізілу орны: Б.Амалбеков атындағы ТМ(РО) Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 19.01.2026 ж Өтетін мекен-жайы: Ә.Оспанова 43 Жауапты: Б.Амалбеков атындағы ТМ (РО) Жарысқа қатысатын оқушылардың тізімін реттеп сұранысты қантар айының 16 жұлдызына дейін [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет. ХІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі «RoboLand 2026» аудандық жарысқа Ө Т І Н І М Қатысушының аты-жөні Қатысушының жасы Білім беру ұйымының аталуы Байқаудың бағыт аталуы Жетекшісі нің аты-жөні Жетекшінің байланыс құралдары (ұялы телефоны) 1 2 4 5 6 7 Басшының аты жөні (Мөрі, қолы)

    КонкурсЗавершено

    Районный конкурс «Лучший учитель английского языка – 2024»

    Жаңаарқа ауданының жалпы білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мүғалімдерінің «Үздік ағылшын тілі мұғалімі – 2024» аудандық сайысының ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Осы ереже «Үздік ағылшын тілі мұғалімі – 2024» аудандық байқауының (бұдан әрі байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, өткізу шарттарын, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, бағалау өлшемдерін, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды. Байқауды Жаңаарқа ауданының білім бөлімі 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді. Байқаудың мақсаты : Байқау ағылшын тілі мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және бағалау, аудан мұғалімдері арасында ағылшын тілі пәнін оқыту деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Байқау міндеттері: - білім беру сапасын арттыру міндеттерін табысты шешетін, шығармашылық жұмыс атқаратын ағылшын тілі мұғалімдерін анықтау және қолдау; - білім беру ұйымдары, аудан, аймақ деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білім беру қызметін ынталандыру. Байқауды өткізу мерзімі мен шарттары 3.1. Байқау 2024 жылдың 15 мамырында онлайн форматында өтеді. 3.2. Байқауға Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысады. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді. 3.3. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. 3.4. Байқау 2 кезеңде сырттай, қашықтықтан өткізіледі. Бірінші кезең: Өтінімдер 30.04.2024 ж қабылданады. Бірінші кезеңге қатысушы келесі құжаттарды тапсыру қажет (электронды нұсқада) - Өтінім (1-Қосымша); - Сауалнама (2-Қосымша); -«Педагогикалық шеберлік»/ «Pedagogical excellence» авторлық әдістемелік әзірлеме ; Байқау тапсырмасы: Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бірегей педагогикалық идеялардың сипаттамасын қамтитын авторлық әдістемелік әзірлемелерді ұсынады : - «Дидактикалық материалдарды пайдаланудың табысты технологиясы»; - « Ағылшын тілі сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі»; - «Сыныптан тыс іс-шараның үздік әзірлемесі». Байқау тапсырмасының бағалау критерийлері: Байқау материалы мазмұнының мәлімделген номинацияға, тақырыпқа, деңгейіне, оқушылардың жасына сәйкестігі; Материалдың жаңалығы, қолданылған педагогикалық тәсілдер мен әдістердің анықтығы мен айқындығы; Нәтижелерді сипаттау айқындығы, әзірлеудің практикалық құндылығы, оны басқа білім беру мекемелерінде енгізу мүмкіндігі. 3.5. Байқаудың екінші кезеңінің бағдарламасы келесі тапсырмаларды қамтиды: Байқау жұмыстары 15.05.2024ж.(қоса алғанда) күнге дейін қабылданады. - « I am a new formation teacher » шығармашылық видео немесе презентациялық таныстырылым , регламент 3 минут. заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің іс-тәжірибесін ұсыну. Бағалау критерийлері: көшбасшылық қабілеттер, автордың ұстанымы, ой-өрісінің кеңдігі, өз идеялары мен ұсыныстары, сөз сөйлеудің бірегейлігі. - «Шеберлік-сабақ» регламенті 7 минут. «Шабыттандырушы әлем - үздік сабағымда» / "An inspiring world - in my best lesson" Youtube желісіне жүктелген сабақ сілтемелерін ұсыну. Бағалау критерийлері: мақсат қою, тақырыпты ашуға шығармашылық көзқарас, күрделі тақырыпты терең түсіну, аргументация және логикалық құрылымдар жүйесі, ойлау креативтілігі заманауи технологияларды қолдануы. Қорытынды шығару және марапаттау. 4.1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Жаңаарқа ауданының білім бөлімі болып табылады. 4.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық байқау комиссиясы құрылады. 4.3. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы байқауды ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады. Байқаудың сараптамалық комиссиясы 2024 жылдың 15-20 мамыр аралығында ұсынылған байқау материалдарын талдайды және бағалайды, ақтық кезеңге қатысушыларды анықтайды. 4.4 . Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады. 1-қосымша Өтініш Білім беру ұйымының толық атауы _______________________________ ______________________________________________________________ Аймақ ________________________________________________________ Байқауға қатысушының аты-жөні _______________________________ Ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі ________________________ ______________________________________________________________ Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы)_______________________________________________________ Білім беру ұйымы басшысының қолы Мөр 2-қосымша Сауалнама ТАӘ _________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________ жұмыс өтілі ______________ санат _______________________ Біліктілікті арттыру курстары (соңғы жылы, тақырыбы) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________ Пән бойынша өз білімін жетілдіру тақырыбы: _______________________________________________________________________ Ең маңызды жеке жетістіктері (соңғы үш жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Марапаттары, атақтары: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқушылардың ең маңызды жетістіктері (соңғы бір-екі жылда): ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    КонкурсЗавершено

    Районный конкурс «Лучший классный руководитель – 2024»

    Жаңаарқа ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мүғалімдерінің «Үздік сынып жетекші – 2024» аудандық сайысының ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Осы ереже «Үздік сынып жетекші – 2024» аудандық байқауының (бұдан әрі байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, өткізу шарттарын, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, бағалау өлшемдерін, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды. Байқауды Жаңаарқа ауданының білім бөлімі әр көшбасшыны 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері педогогтердің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және бағалау, аудан мұғалімдері арасында бастауыш пәнін оқыту деңгейін арттыру, ынталандыру мақсатында өткізіледі. Байқау міндеттері: - білім беру сапасын арттыру міндеттерін табысты шешетін, шығармашылық жұмыс атқаратын бастауыш мұғалімдерін анықтау және қолдау; - білім беру ұйымдары, аудан, аймақ деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білім беру қызметін ынталандыру. Байқауды өткізу мерзімі мен шарттары 3.1. Байқау 2024 жылдың 8-18 сәуірде өтеді. 3.2. Байқауға Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысады. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді. 3.3. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. 3.4. Байқау 3 кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең: сырттай, қашықтықтан өткізіледі. Өтінімдер мен байқау жұмыстары, сынып жетекшісінің электронды түрде портфолиосы, берілген тақырып бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу. (Мастер – класс) уақыты—15-20 минут; ( онлайн ) тапсырылады 23.02.2024ж. аралығында қабылданады. Екінші кезең: Байқаудың сараптамалық комиссиясы 2024 жылдың 21.02.2024жыл аралығында ұсынылған байқау материалдарын талдайды және бағалайды, ақтық кезеңге қатысушыларды анықтайды. Үшінші кезең: финалдық, оффлайн– 27.02.2024 жыл. 3.5. Бірінші кезеңге қатысушы келесі құжаттар пакетін тапсыру қажет (электронды нұсқада) - Өтінім (1-Қосымша); - Сауалнама (2-Қосымша); 4 .Байқауды өткізу тәртібі Аудандық байқау бес кезеңнен тұрады: 1) «Мен сынып жетекшісімін» атты тақырыпта өзін-өзі таныстыру;( оффлайн ) 2) Берілген тақырып бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу (Мастер – класс) уақыты—15-20 минут; ( онлайн ) 3) «Педагогика және психологияның теориясы мен әдістемесі» сынып жетекшілерінің білімдерін тексеру ситуациялық жағдаяттар (5 минут)( оффлайн ); 4)Бейне-роликтер байқауы (слайд-шоу)—10 минут.( оффлайн ) 5) Өнерін көрсету. (5 мин.).( оффлайн ) 7. Байқауға қойылатын талаптар: Білім бөліміне 2024 жылғы 22 ақпанға дейінгі мерзімде байқауға қатысатын сынып жетекшісінің жеке өтініші және қатысушы туралы анықтама-пікір (мінездеме) , сынып жетекшісінің электронды түрде портфолиосы тапсырылады. Байқау тапсырмасының бағалау критерийлері: Байқау материалының мазмұнының мәлімделген номинацияға, тақырыпқа, деңгейіне, сәйкестігі; Материалдың жаңалығы, қолданылған педагогикалық тәсілдер мен әдістердің анықтығы мен айқындығы; Нәтижелерді сипаттау айқындығы, әзірлеудің практикалық құндылығы, оны басқа білім беру мекемелерінде енгізу мүмкіндігі. 6 Байқаудың күндізгі кезеңінің бағдарламасы келесі тапсырмаларды қамтиды: 1) «Мен сынып жетекшісімін» атты тақырыпта өзін-өзі таныстыру;( оффлайн ) 2) Берілген тақырып бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу (Мастер – класс) уақыты—15-20 минут; ( онлайн ) 3) «Педагогика және психологияның теориясы мен әдістемесі» сынып жетекшілерінің білімдерін тексеру ситуациялық жағдаяттар (5 минут)( оффлайн ); 4)Бейне-роликтер байқауы (слайд-шоу)—10 минут.( оффлайн ) 5) Өнерін көрсету. (5 мин.).( оффлайн ) 7. Қорытынды шығару және марапаттау. 7.1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Жаңаарқа ауданының білім бөлімі болып табылады. 7.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық байқау комиссиясы құрылады. 7.3. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы байқауды ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады. 7.4. Байқаудың ІІІ кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады. 7.5 .Байқаудың аудандық кезеңінде келесі жүлделі орындар белгіленеді: Бас жүлде, 1 - 1 орын, 1 - 2 орын, 2 - 3 орын. Номинациялар: • «Сынып жетекші – көшбасшы» • «Жаңашыл сынып жетекшісі» • «Зиялы сынып жетекші» Байқауға қатысатын сынып жетекшісінің жұмысының тиімділігінің көрсеткіштері 1-қосымша Өтініш Білім беру ұйымының толық атауы _______________________________ ______________________________________________________________ Аймақ ________________________________________________________ Байқауға қатысушының аты-жөні _______________________________ Тарих пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі ________________________ ______________________________________________________________ Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы)_______________________________________________________ Білім беру ұйымы басшысының қолы Мөр 2-қосымша Сауалнама ТАӘ _________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________ жұмыс өтілі _______________ санат _______________________ Біліктілікті арттыру курстары (соңғы жылы, тақырыбы) _____________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Пән бойынша өз білімін жетілдіру тақырыбы: _______________________________________________________________________ Ең маңызды жеке жетістіктері (соңғы үш жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Марапаттары, атақтары: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқушылардың ең маңызды жетістіктері (соңғы бір-екі жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    КонкурсЗавершено

    «Лучший преподаватель - 2022» районный конкурс

    «Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау ережесі «Үздік педагог – 2022» республикалық конкурсының аудандық кезеңін өткізу тәртібі Конкурсқа келесі критерийлерге сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады: - білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкері; - конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі бар педагог қызметкерлер. Конкурс жеңімпазы келесі конкурсқа он жылдан кейін ғана қатыса алады. Конкурсқа қатысушыларды бағалау үшін аудандық білім бөлімінің бұйрығымен бекітілген аудандық комиссия құрылады. Комиссия аудандық, білім бөлімі қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі: 1) І кезең –аудандық, онлайн режимде 2022 жылдың 01 – 10 сәуір аралығында өткізіледі; электронды портфолио талдауына сәйкес конкурсқа қатысушылар анықталып, екінші кезеңге ұсынылады. Конкурстың І кезеңінің қорытындысымен аудандық комиссия конкурстың II кезеңіне әрбір білім деңгейі бойынша бір жеңімпазды ұсынады: – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – 1 педагог; – жалпы орта білім беру – 1 педагог. 2) II кезең – облыстық : 2022 жылдың сәуір-мамыр аралығында, өтеді, онда Қазақстан Республикасының «Үздік педагог» республикалық конкурсына қатысу үшін ұсынылатын конкурс жеңімпаздары айқындалады. Конкурсқа қатысушылардың сканерленген құжаттары салынған папка мен портфолиосы электронды форматта 2022 жылдың 10 сәуірге дейін [email protected] электронды поштасына жіберілуі тиіс. Папкада төмендегі сканерленген құжаттар болуы тиіс: «Үздік педагог-2022» атағын беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінім; 2) конкурсқа қатысушыға арналған мектеп басшылары куәландырған ұсыныс; 3) жұмыс орнымен куәландырылған кадрларды тіркеу бойынша жеке іс-парағы; 4) жеке куәлігінің көшірмесі; 5) мектепішілік комиссия отырысының хаттамасынан көшірме; 6) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары; 7) электронды портфолио оқыту тілінде (педагогтің портфолиосының құрылымы «Үздік педагог - 2022» аудандық конкурсының ережесінің №2 қосымшасында көрсетілген). 8) қатысушының «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында жазған эссесі (қатысушының жазатын эссесінің құрылымы мен мазмұны «Үздік педагог - 2022» аудандық конкурсы ережесінің №3 қосымшасында көрсетілген). 9) қатысушының «Мен шығармашыл ұстазбын» тақырыбындағы бейнежазбасы (Үздік педагог - 2022» қалалық конкурсының ережесінің №4 қосымшасында көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес). Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістіктер «Үздік педагог – 2022» аудандық конкурс ережесінің № 5 қосымшасында баяндалған критерийлерге сәйкес құрастырылуы тиіс. Конкурстың аудандық кезеңінің қорытындысы конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады. Аудандық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Аудандық конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға «Үздік педагог» атағы беріледі. «Үздік педагог - 2022» конкурсы туралы бұйрығына №1 қосымша «Үздік педагог - 2022» конкурсының ауадндық қезеңіне қатысуға ӨТІНІМ Мені конкурсқа қатыстыруыңызды сұраймын. Өзім туралы төмендегідей мәлімет беремін: 1. Жұмыс орны 2. Т.А.Ә. толық (жеке куәлікте көрсетілгендей) 3.Туған күні, айы, жылы 4. Қызметі 5. Педагогикалық еңбек өтілі 6. Осы қызметтегі еңбек өтілі 7. Білімі (қандай оқу орны, факультеті, қай жылы аяқтады) 8. Біліктілік санаты 9. Тұрғылықты мекен-жайы, индекспен бірге 10. Жеке куәліктің мәліметтері (нөмірі, қашан және кім берген, ЖСН) 11. Байланыс телефоны (үй, ұялы) 12. Марапаттары, мадақтаулары 13. Аудандық кезеңде алған орны Қосымша: конкурсқа қатысу үшiн құжаттар _____ парақ. Өтінім толтырылған күн ___________________________________ Конкурсқа қатысушының қолы _______________________________ Білім беру ұйымы басшысының қолы ____________________ М.О. «Үздік педагог – 2021» аудандық конкурсы ережесінің № 2 қосымшасы Педагог портфолиосының құрылымы Педагог туралы жалпы мәлімет: Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), 3х4 көлеміндегі фотосурет міндетті түрде салынуы қажет. Өтілі (еңбек және педагогикалық). Білімі. Біліктілікті арттыру. Марапаттары (грамоталары, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, пікірлер мен ұсынымдар), біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары, оның ішінде қашықтан білім беру (білімін, курстан өткенін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері, Құрмет грамоталарының, сертификаттардың сканерленген көшірмелері). Педагогтік қызметінің мониторингі: Соңғы бес жылдағы білім сапасының даму динамикасы және мониторингі; пән бойынша сыртттай бағалаудың қорытындысы туралы мәлімет; олимпиадаларға, кәсіби конкурстарға қатысуы туралы мәлімет;оқушыларының жетістігі, олимпиадалардың, пән бойынша жарыстардың (конкурстардың) жеңімпаздары, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы. Ғылыми-әдістемелік қызметі: Педагог жұмыс істейтін педагогикалық бағыт бойынша барлық ақпарат:қолданылатын технологиялардың, оқыту әдістері мен тәсілдерінің сипаттамасы; педагог қатысқан семинарлар, конкурстар, «дөңгелек үстелдер», фестивальдер бойынша материалдар; зерттеулері; авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлемелері, олар бойынша хаттамалардан үзінді (бар болған жағдайда); білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша материалдар (бар болған жағдайда);шығармашылық есептер, семинарлар, ашық сабақтар, тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалары туралы мәліметтер; бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; тәжірибе алмасу бойынша жұмыс. Сабақтан тыс қызметі: оқушылардың шығармашылық жұмыстары;оқушылардың, әріптестерінің, педагогтердің, әлеуметтік әріптестердің, ата-аналардың, қоғамның пікірлері; волонтерлік қызмет, қайырымдылық іс-шараларға қатысу. «Үздік педагог – 2022» аудандық конкурсы ережесінің № 3 қосымшасы «Менің педагогикалық ұстанылым» тақырыбындағы эссенің құрылымы мен мазмұны «Менің педагогикалықұстанылым» тақырыбындағы эссенің мазмұны (A4 көлеміндегі бір бет, Times New Roman шрифті, арасы бір интервал) келесі сұрақтардың мәнін ашуы қажет: Сіз балаларға айтатын (философтар, саясаткерлер, суретшілер, ағартушылар,рухани жетекшілер, меценаттар және т.б.) ұлы адамдардың қайсысы оларды шабыттандырады? Мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін мектепте, ауданда, облыста, елімізде сіздің тарапыңыздан қандай іс-әрекеттер іске асуда? Балаға білім беру мен тәрбиелеуде отбасы қалай әсер етеді? Ізгі және жомарт адамды қалай тәрбиелеу керек? Баланың оқу үлгерімінің төмендеу себебі неде? (білім беру тәсілдерінде, ата-аналары немесе баланың өзі), т.б. «Үздік педагог – 2022» аудандық конкурсы ережесінің № 4 қосымшасы Конкурстың«Мен шығармашыл ұстазбын» бейнежазбасының техникалық шарттары Техникалық шарттар: Конкурсқа конкурстың тақырыбына сәйкес келетін бейнежазбалар қабылданады. Форматы: DVD, MPEG4; 720x480 (12: 8 см); Ұзақтығы - 1 минут; Қатысушының аты-жөні көрсетілген негізгі бет. Бейнежазбаны түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, арнайы эффект, фондық музыка қолданылуы мүмкін. Конкурсқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын, тақырыпқа сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды. Бейнежазбаның мазмұныұсынылған тақырып бойынша қатысушының жеке қабылдауын, көзқарасы мен ойын көрсетеді. «Үздік педагог – 2022» аудандық конкурсы ережесінің № 5 қосымшасы «Үздік педагог – 2022» ауадндық конкурсына қатысушы педагогтердің кәсіби қызметін бағалау критерийлері: Педагогтің кәсіби құзыреттілігі (соңғы 5 жылда) – 10 балл . 1-4 балл 1 балл – оқытудың инновациялық әдістерін білу, оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеуді білу (соңғы бес жылда); 2 балл – оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеу әдістемесін білу (соңғы бес жылда); 3 балл – білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың инновациялық әдістерінің элементтерін қолдану (соңғы бес жылда); 4 балл – оқытудың инновациялық әдістерінің элементтерін қолдану және оқыту, оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеу (соңғы бес жылда). 5-7 балл 5 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу; білім беру сапасын айқындау бойынша диагностикалық құралдардың болуы (соңғы бес жылда); 6 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу; білім сапасы мониторингінің болуы (соңғы бес жылда); 7 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, аудандық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда). 8-10 балл 8 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, қалалық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда); 9 балл - оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, республикалық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда); 10 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, халықаралық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда). Педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі (соңғы 5 жылда) – 10 балл . 1-4 балл 1 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу (соңғы бес жылда); 2 балл – авторлық әдістемелік материалдарды, бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу; педагогтердің семинарларда, конференцияларда және т. б. тәжірибесін бөлісу сөйлеуі (соңғы бес жылда); 3 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, қалалық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда); 4 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, республикалық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда). 5-7 балл 5 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, халықаралық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда); 6 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу (соңғы бес жылда);аудандық деңгейде педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда); 7 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; қалалық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда). 8-10 балл 8 балл - білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;аудандық немесе қалалық деңгейде аудандық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу (соңғы бес жылда);аудандық немесе қалалық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда); 9 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда); қалалық немесе республикалық деңгейде қалалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу; қалалық немесе республикалық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда); 10 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;республикалық немесе халықаралық деңгейде республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу; республикалық немесе халықаралық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтар) (соңғы бес жылда). 3 . Педагог қызметінің нәтижелілігі (соңғы бес жылда) – 10 балл. 1-4 балл 1 балл – ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (соңғы бес жылда); 2 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі (соңғы бес жылда); 3 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда); 4 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда); 5-7 балл 5 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда); 6 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға қатысуы (соңғы бес жылда); 7 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысуы (соңғы бес жылда); 8-10 балл 8 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің қалалық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; қалалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы, қалалық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда); 9 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің республикалық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы, республикалық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда); 10 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы, халықаралық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда). Педагогтің кәсіби шеберлігі мен тұлғасын бағалау - 10 балл 1-4 балл 1 балл – педагог туралы білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қауымдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың пікірлері); 2 балл – педагог туралы білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің пікірлері); 3 балл – педагог туралы білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері); 4 балл – педагог туралы білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері). 5-7 балл 5 балл – педагог туралы ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері); 6 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар; қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы); 7 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, қалалық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік). 8-10 балл 8 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, қалалық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлттар, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасының және басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық); 9 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, республикалық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлт, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу); 10 балл – педагог туралы Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың пікірі (әкімшіліктің, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестерінің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, халықаралық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында танылуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлттар, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу).

    КонкурсЗавершено

    «Лучшая авторская программа» районный конкурс

    «ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ Осы ЕРЕЖЕ сынып мұғалімдер арасындағы «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсының аудандық кезеңін өткізу тәртібі мен шарттарын анықтайды. Облыстық конкурсты Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы өткізеді. Конкурсты өткізу тәртібі ЕРЕЖЕМЕН анықталады. Конкурс білім мазмұнын жетілдіру және жаңарту мақсатында үздік авторлық бағдарламаларды анықтауға мүмкіндік береді. ІІ. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ Мұғалімдерінің оқу пәндері мен таңдау курстары бойынша авторлық бағдарламалар жасайтын, озық авторлық іс- тәжірибесін анықтау және тарату. ІІІ. КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТІ Мұғалімдерінің шығармашыл әлеуетін қолдау; Үздік жұмысты анықтау; Өз әзірлемелерін тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін пайдалану; Үздік педагогикалық іс-тәжірибені тарату; Шығармашылық қызмет нәтижелерімен, педагогикалық идеялармен, жобалармен бөлісу; КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ Конкурсқа барлық орта мектептердің мұғалімдері қатысады. Екі нмесе үш авторлық жұмыстар қарастырылады. Бұрын қорғалған жұмыстар конкурсқа жіберілмейді. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің жалпы өтініштері өз мектептерінің сараптамасынан өткеннен кейін жүргізіледі. Бағалау критерийлерге байланысты жүзеге асырылады. КОНКУРСТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТҮРІ Конкурсқа авторлық бағдарламалар, факультативтік курстар және таңдау пәні бойынша курстар ұсынылады. Авторлық бағдарламаның құрылымы: титул беті рецензия (ғылыми қызметкер, практик-мұғалімдердің); түсінік хат; тақырыптық-оқу жоспары; авторлық бағдарлама жоспары; әдістемелік қамтылуы; қосымша; Титул бетінде: білім беру ұйымының атауы заңды құжатқа сәйкес; тегі,аты,әкесінің аты(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес),жеке куәлік; бағдарлама авторының лауазымы; авторлық бағдарламаның әзірленген жылы; Бағдарламаның түсінік хаты: бағыты; жаңашылдығы,өзектілігі, педагогикалық маңыздылығы; мақсаты мен міндеттері; ерекшеліктері; күтілетін нәтижелер және оларды тексеру әдістері. Авторлық бағдарлама мазмұны: авторлық бағдарлама мазмұнына: тақырыптық-оқу жоспар,тақырыптар, бөлімдер тізбесі; сабақтың теориялық және практикалық түрлеріне бөлінетін тақырыптарға арналған сағаттар саны, авторлық бағдарламаның мазмұны тақырыптардың қысқаша сипаттамасы арқылы ашылады. (Теория және практика). Авторлық бағдарламаның әдістемелік қамтылуы: сипаттама; тақырып бойынша жоспарланған сабақ түрлері (ойын, экскурсия, конкурс, конференция және т. б.); оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістері мен түрлері, дидактикалық материал, сабақтың техникалық жабдықталуы; әр тақырып немесе бөлім бойынша қорытынды шығару. Қосымша: Оқу-әдістемелік кешен: оқу құралы, оқу дәптері, дидактикалық, көрнекілік, электронды материал, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, бөлімнің, тоқсанның суммативті жұмыстары. 7 .Материалдар қағаз және электронды нұсқада ұсынылады. Рәсімдеуге қойылатын талаптар: А4 форматта, текст редакторы- Microsoft Word, шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14, екі жақ жиегі – 2 см.барлық жағынан, жоларалық интервал -1 -1,5, ориентациясы кітап,тасымалсыз. Конкурсты өткізу кезеңдері мен мерзімдері: кезең - білім беру ұйымдарында (қаңтар-ақпан); II кезең – аудандық әдістемелік кабинет(ақпан наурыз) ІІІ облыстық (сәуір-мамыр). Конкурсқа әр пән бойынша аудандық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын авторлық бағдарламалар облыстық кезеңге жіберіледі. VІ. КОНКУРСТЫҢ МАЗМҰНДЫҚ БАҒЫТЫ 5.1. Конкурс келесі бағыттарда жүргізіледі: Гуманитарлық (қазақ, орыс тілдері, әдебиеттік оқу); Математикалық; Жаратылыстану бағыты КОНКУРС ӘДІЛҚАЗЫЛАРЫ Конкурс әділқазыларының жұмысы: конкурстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес материалдарды конкурстың бағалау критерийлеріне сәйкес конкурсқа ұсынылған материалды бағалау; жеңімпаздарды анықтау; жеңімпаздарды марапаттауға қатысу. Конкурс қорытындысы арнайы хаттамамен рәсімделіп әділқазы мүшелерінің қолтаңбаларымен бекітіледі. ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ Материалдар мен өтініштер 2022 жылдың 26 ақпанына дейін бастауыш сынып мұғалімдері үшін [email protected] ,пән мұғалімдері үшін 2022 жылдың 26 наурызына дейін [email protected] электронды почталарына қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін: тіркелген формаға сәйкес қатысушы туралы мәлімет көрсетілген өтініш(1-қосымша); конкурстық материалдар (қағаз және электронды нұсқада). Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ, МАРАПАТТАУ Әділқазылардың шешімімен анықталған конкурс жеңімпаздары Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Әділқазылар ең үздік авторлық жұмыстарды анықтайды. I орын – 1 авторлық жұмыс; орын –2 авторлық жұмыс; III орын – 3 авторлық жұмыс. Конкурсқа қатысушылар қатысушы сертификатына ие болады. Практикаға енгізу үшін аудандық әдістемелік кабинеттің кеңесінде қарастырылып, ұсынылады Жеңімпаздардың авторлық бағдарламалары Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы өткізетін Облыстық конкурсқа ұсынылады. 1 қосымша № Қатысуш ының аты-жөні Қала/аудан Жұмыс орны лауазымы Авторлық бағдарламаны ң атауы (бағытын көрсетіңіз) Өткізу жылы және іске асыру Байланыс телефоны, email

    КонкурсЗавершено

    "Лучший историк -2021" районный конкурс

    БЕКІТЕМІН Қарағанды облысы білім басқармасының «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ басшысы __________ М.Балабаева «____» _______ 2021 жыл Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының тарих мұғалімдерінің «Үздік тарихшы - 2021» қалалық сайысының ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Үздік тарихшы – 2021» қалалық байқауының (бұдан әрі – байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, өткізу шарттарын, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, бағалау өлшемдерін, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды. 1.2. Байқауды Қарағанды облысы білім басқармасының «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері 2.1. Байқау тарих мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және бағалау, қала мұғалімдері арасында тарих пәнін оқыту деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. 2.2. Байқау міндеттері: - білім беру сапасын арттыру міндеттерін табысты шешетін, шығармашылық жұмыс атқаратын тарих мұғалімдерін анықтау және қолдау; - білім беру ұйымдары, қала деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білім беру қызметін ынталандыру. Байқауды өткізу мерзімі мен шарттары 3.1. Байқау 2021 жылдың 4 наурыздан 12 наурыз аралығында өткізіледі. 3.2. Байқауға Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысады. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді. 3.3. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. 3.4 . Байқау үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең- сырттай, қашықтықтан өткізіледі. Байқау құжаттары 04.03.2021 - 10.03.2021 жж . аралығында қабылданады. Өтінімдер мен байқау жұмыстары 2021 жылдың 10 наурызына дейін [email protected] электрондық поштасына қабылданады. Анықтамалар 87 712630391 телефоны арқылы. Екінші кезең: Байқаудың сараптамалық комиссиясы 2021 жылдың 10-11 наурыз күні ұсынылған байқау материалдарын талдайды және бағалайды, ақтық кезеңге қатысушыларды анықтайды. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті ІІІ-кезеңнің қатысушыларына жеке шақыруларды таратады. Үшінші кезең (финалдық, күндізгі) - 12.03.2021 жыл. 3.5. Бірінші кезеңге қатысушы келесі құжаттар пакетін тапсыруы қажет (электронды нұсқада): - Өтінім (1-Қосымша); - Сауалнама (2-Қосымша); - Байқау тапсырмасы: «2020-2021 оқу жылының айтулы күндері» тақырыбы бойынша «Педагогикалық шеберлік». Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бірегей Педагогикалық идеялардың сипаттамасын қамтитын авторлық әдістемелік әзірлемелерді ұсынады : -«Дидактикалық материалдарды пайдаланудың табысты технологиясы»; - «Тарих сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі»; - «Сыныптан тыс іс-шараның үздік әзірлемесі». 3.6. Байқау тапсырмасының бағалау критерийлері: Байқау материалының мазмұнының мәлімделген номинацияға, тақырыпқа, деңгейіне, оқушылардың жасына сәйкестігі; Материалдың жаңалығы, қолданылған педагогикалық тәсілдер мен әдістердің анықтығы мен айқындығы; Нәтижелерді сипаттау айқындығы, әзірлеудің практикалық құндылығы, оны басқа білім беру мекемелерінде енгізу мүмкіндігі. 3.7. Байқаудың күндізгі кезеңінің бағдарламасы келесі тапсырмаларды қамтиды: - «Визит карточкасы»: регламент 3 минут. Бағалау критерийлері: көшбасшылық қабілеттер, тақырыпты терең түсіну, аргументация және логикалық құрылымдар жүйесі, автордың ұстанымы, ой-өрісінің кеңдігі, өз олжалары мен ұсыныстары, сөз сөйлеудің бірегейлігі. - «Шеберлік-сабақ» регламенті 10 минут. Бағалау критерийлері: мақсат қою, тақырыпты ашуға шығармашылық көзқарас, ойлау креативтілігі. - «TEDx» регламенті: «Ұлытау Қазақстан тарихының бесігі» тақырыбы бойынша 3 минут. Қорытынды шығару және марапаттау. 4.1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының негізгі орта білім беру бөлімі болып табылады. 4.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық байқау комиссиясы құрылады. 4.3. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы байқауды ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады. 4.4. Байқаудың ІІІ кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен марапатталады және І дәрежелі диплом иегері «Үздік тарихшы - 2021» байқаудың облыстық кезеңіне қатысатын болады. КЕЛІСІЛДІ Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі ______________ Г.Достаева «____»_______________2021ж. 1-қосымша Өтініш Білім беру ұйымының толық атауы _______________________________ ______________________________________________________________ Аймақ ________________________________________________________ Байқауға қатысушының аты-жөні _______________________________ Тарих пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі ________________________ ______________________________________________________________ Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы)_______________________________________________________ Білім беру ұйымы басшысының қолы Мөр 2-қосымша Сауалнама ТАӘ _________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________ жұмыс өтілі _______________ санат _______________________ Біліктілікті арттыру курстары (соңғы жылы, тақырыбы) _____________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Пән бойынша өз білімін жетілдіру тақырыбы: _______________________________________________________________________ Ең маңызды жеке жетістіктері (соңғы үш жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Марапаттары, атақтары: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқушылардың ең маңызды жетістіктері (соңғы бір-екі жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.