Отдел образования Жанааркинского района

    Об отделе

    Государственное учреждение "Отдел образования Жанааркинского района" управление образования области Ұлытау

    События

    ЗаседаниеЗавершено

    Аудандық «My little theatre» сахналық қойылымдар байқауының ЕРЕЖЕСІ

    Бекітемін Жаңаарқа ауданының білім бөлімі басшысы _________ М.Е.Балабаева «03» сәуір 2026 ж . Аудандық «My little theatre» сахналық қойылымдар байқауының ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес « ауыл мектебі- сапа алаңы» тқжырымдамасы негізінде тірек, толық және серіктес шағын жинақты мектеп оқушыларының тілдік құзіреттілігін және шығармашылық әлеуетін арттыру, достық құндылықтарын дәріптеу және сахна мәдениетін қалыптастыру «My little theatre» сахналық қойылымдар өткізіледі. Байқаудың мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамыту, актерлік шеберлікті ояту, мейірімділік пен достық атмосферасын қалыптастыру. Міндеттері: Тұлғааралық қарым-қатынасты нығайту ; Көркем әдебиетке және театр өнеріне деген қызығушылықты арттыру; Көпшілік алдында ағылшын тілінде еркін сөйлеу және өзін-өзі ұстау дағдыларын дамыту. Байқаудың қатысушылары 3.1 Байқауға білім беру ұйымдарының 5- 9 сынып оқушыларынан құралған шығармашылық топтар (театр үйірмелері, сынып ұжымдары) қатыса алады. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары Байқаудың уақыты: 04.2026ж. 15.00 Өтетін орын: Б.Амалбеков тірек мектебінің АКТ залы Қойылым тақырыбы: Жас ерекшеліктеріне сай еркін тақырыпта Уақыт регламенті: Әр қойылымның ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс. Тілдік ерекшелігі: Қойылым тек ағылшын тілінде жүргізіледі Техникалық талап: Қатысушылар қажетті декорацияларды, костюмдер мен музыкалық сүйемелдеуді өздері дайындайды. Өтінімдер сәуір айының 13 дейін Nuri _12_1991@ mail . ru электронды почтасында қабылданады Бағалау критерийлері Қазылар алқасы қатысушыларды мынадай өлшемдер бойынша бағалайды: Актерлік шеберлік: Кейіпкердің образын ашу, дикция, тілдік дағды, сахналық мәдениет. Режиссерлік шешім: Қойылымның композициялық тұтастығы, сахнаны тиімді пайдалану. Көркемдік безендіру: Костюмдер, декорациялар және музыканың тақырыпқа сай келуі. Марапаттау Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады және сыйлықтар табысталады. Өтінім үлгісі № Мектебі Сыныбы Тақырыбы Қатысатын оқушы саны Жетексіші Жетекшінің байланыс телефоны 1

    ЗаседаниеЗавершено

    Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиада

    Бекітемін Жаңаарқа ауданының білім бөлімі __________ М.Е.Балабаева «06» сәуір 2026 ж. Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сыныптары арасында Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕ Жалпы ережелер Осы Ереже Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында өткізілетін Scratch бағдарламалау тілі бойынша аудандық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Олимпиада жалпы білім беретін мектептердің 2–4 сынып оқушыларына арналған және олардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, логикалық және алгоритмдік ойлауын дамытуға бағытталған. Олимпиаданы өткізу барысында қатысушылардың тең мүмкіндіктері, академиялық адалдық қағидалары және ашықтық қамтамасыз етіледі. Осы Ереже олимпиаданың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу кезеңдерін, қатысу шарттарын, бағалау тәртібін, сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау механизмін белгілейді. Олимпиада аудан деңгейінде өткізіледі және қатысушылар мектепішілік іріктеу нәтижесі бойынша жіберіледі. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының Scratch бағдарламалау ортасына қызығушылығын арттыру. Логикалық, алгоритмдік және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Цифрлық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері Оқушылардың бағдарламалау негіздері бойынша білімдерін тереңдету және практикада қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету. Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау. Оқушылардың креативтілігін және жобалық ойлауын дамыту. Өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық технологиялар саласына қызығушылықты арттыру. Олимпиаданы өткізу тәртібі Олимпиаданың өтетін күні – 04.2026 Өтінімдерді қабылдау 04.2026 дейін жалғасады Өтінімдер [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады Олимпиада екі турдан тұрады: І кезең (теориялық) ІІ кезең (практикалық) Олимпиада офлайн форматта «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында өткізіледі. Олимпиадаға қатысушылар әр мектепте өткізілген іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жіберіледі. I кезеңде қатысушылар Scratch бағдарламалау негіздері бойынша тест тапсырмаларын орындайды. Тапсырмалар жабық форматта беріледі (бір дұрыс жауап). II кезеңде қатысушылар берілген тақырып бойынша Scratch бағдарламасында жоба әзірлейді (ойын, анимация немесе интерактивті көрініс). Әр қатысушы жеке компьютермен қамтамасыз етіледі. Қатысушыларға тек қажетті бағдарламалармен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Олимпиада барысында қатысушыларға бір-бірімен сөйлесуге, сырттан көмек алуға және дайын материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Олимпиаданың ұзақтығы: I кезең - 30–40 минут; II кезең - 60–90 минут. Қатысушылардың жұмыстары белгіленген бағалау критерийлері бойынша қазылар алқасымен тексеріледі. Олимпиада өткізу кезінде академиялық адалдық қағидалары сақталады. Ережені бұзған қатысушылар олимпиададан шеттетіледі. Олимпиада нәтижелері қорытынды отырыста жарияланады. Олимпиаданың кезеңдері Олимпиада екі кезеңнен тұрады: теориялық және практикалық . I кезең - теориялық (тест): Қатысушылар Scratch бағдарламалау негіздері бойынша тест тапсырмаларын орындайды; Тест 20–25 сұрақтан тұрады; Әр сұраққа 1 дұрыс жауап беріледі; Тапсырмаларды орындау уақыты - 30–40 минут; Бұл кезеңде қатысушылардың теориялық білімдері бағаланады. II кезең - практикалық: Қатысушылар Scratch ортасында берілген тақырып бойынша жоба әзірлейді; Жоба түрлері: ойын, анимация немесе интерактивті тапсырма; Тапсырмаларды орындау уақыты - 60–90 минут; Қатысушылар өз жобаларын толық аяқтап, жұмыс істеуін көрсетуі тиіс. Практикалық кезеңнің бағалау критерийлері: жобаның логикасы және дұрыс жұмыс істеуі; алгоритмнің құрылымы; креативтілік және идеяның ерекшелігі; интерфейс және визуалды безендіру; тапсырма талаптарына сәйкестігі. Әр кезеңнің нәтижелері бойынша қатысушылардың ұпайлары есептеліп, қорытынды рейтинг анықталады. Қатысушылар Олимпиадаға Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 2–4 сынып оқушылары қатыса алады. Әр білім беру ұйымынан олимпиадаға 2–4 оқушыдан қатыстыруға рұқсат етіледі. Қатысушылар мектепішілік іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады. Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Қатысушылар олимпиада өтетін күні белгіленген уақыттан кешікпей тіркеуден өтуі тиіс. Қатысушылар өзімен бірге оқушы билетін немесе мектептен берілген анықтаманы алып келуі қажет. Олимпиада барысында қатысушылар осы Ережеде көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті. Ереже талаптарын бұзған жағдайда қатысушы олимпиададан шеттетіледі. Ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы мектептің әкімшілігіенн және информатика пәні мұғалімдерінен қалыптастырылады. Ұйымдастыру комитетінің негізгі міндеттері: олимпиаданы өткізу жоспарын әзірлеу және бекіту; олимпиада тапсырмаларын дайындауды ұйымдастыру; қатысушыларды тіркеу және тізімін қалыптастыру; олимпиаданың өткізілу барысын үйлестіру; қажетті техникалық және ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз ету; қорытынды нәтижелерді дайындау және жариялау. Ұйымдастыру комитеті олимпиаданың ашық, әділ және талаптарға сәйкес өткізілуіне жауап береді. Қазылар алқасы Олимпиада жұмыстарын бағалау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы аудан мектептерінің тәжірибелі информатика пәні мұғалімдерінен қалыптастырылады. Қазылар алқасының негізгі міндеттері: қатысушылардың жұмыстарын белгіленген критерийлер бойынша бағалау; әр кезең бойынша ұпайларды есептеу; олимпиаданың қорытынды нәтижелерін анықтау; жеңімпаздар мен жүлдегерлерді айқындау; даулы мәселелерді қарастыру. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Бағалау барысында әділдік, ашықтық және объективтілік қағидалары сақталады. Олимпиада қорытындылары мен марапаттау рәсімі Олимпиада нәтижелері әр кезең бойынша жинақталған ұпайлар негізінде анықталады. Қатысушылардың жұмыстары белгіленген бағалау критерийлері бойынша әділ және объективті түрде тексеріледі. Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер болып танылады. Олимпиада қорытындысы бойынша: I орын; II орын; III орын тағайындалады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және қажет болған жағдайда бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қосымша номинациялар берілуі мүмкін: «Ең креативті жоба»; «Үздік ойын»; «Үздік дизайн». Марапаттау рәсімі олимпиада аяқталғаннан кейін өткізіледі. Қорытынды ережелер Олимпиада осы Ереже негізінде өткізіледі және барлық қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Олимпиада барысында академиялық адалдық қағидалары қатаң сақталуы тиіс. Қатысушыларға бір-бірімен сөйлесуге, сырттан көмек алуға, дайын жобаларды пайдалануға және интернет ресурстарын қолдануға тыйым салынады (ұйымдастыру комитеті рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда). Ереже талаптарын бұзған қатысушылар қазылар алқасының шешімімен олимпиададан шеттетіледі. Даулы мәселелер туындаған жағдайда, олар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының бірлескен шешімімен қарастырылады. Олимпиада нәтижелері жарияланғаннан кейін өзгертілмейді. Осы Ережеде қарастырылмаған жағдайлар ұйымдастыру комитетінің шешімімен реттеледі. Осы Ереже олимпиада өткізілетін күннен бастап күшіне енеді. ӨТІНІМ ҮЛГІСІ Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сыныптары арасында Scratch визуалды бағдарламалау тілінен олимпиадаға _________________________________ мектебінен ӨТІНІМ Қатысушының аты-жөні Қатысушының туған күн, ай, жылы Білім беру ұйымының атауы Сыныбы Жетекшісінің аты-жөні Жетекшісінің байланыс нөмірі Мектеп директоры Мөр және қолы Аты-жөні

    ЗаседаниеЗавершено

    «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезең

    «БЕКІТЕМІН» «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ басшысы _____________ Балабаева М. «___» _________ 2026 ж. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Осы Ереже «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VI ҚР Заңы негізінде әзірленді. Олимпиаданың аудандық кезеңі педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіби дамуына және дарынды балалармен жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған. 4. Облыстық кезең және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру. II . Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Жас педагогтерге кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктеріндамытуға жағдай жасау, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру. Міндеттері: педагогикалық мамандықтың беделін арттыру; жас педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін дамыту; инновациялық тәжірибені іздеу және мәдениетін қалыптастыру; эксперименттік және зерттеушілік жұмыстарға қызығушылықты арттыру; педагогтердің кәсіби ойлауын, талдау дағдыларнын дамыту; жас мамандар арасында кәсіби қауымдастықты нығайту және қолдау жүйесін қалыптастыру; III. Олимпиаданың құрылымы мен қатысушылары 5.Олимпиада үш бағыттан (сатыдан) тұрады: I саты – жас педагогтер II саты - педагог-психологтар III саты – тәлімгерлер 6.Олимпиадаға қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс. 7.Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын орындау арқылы педагогикалық зерттеу дағдыларын, әдістемелік құзыреттілігін, кәсіби мағызды тұлғалық қасиеттерін көрсетеді. 8.Аудандық кезеңнің тапсырмалары облыстық кезеңнің талаптарына сәйкес дайындалады және жалпы кәсіби біліктіліктің төрт деңгейлік жүйесіне сай күрделенеді. IV. Қатысушыларды бағалау өлшемдері 9. Бағалау критерийлері: * материалдың жүйелілігі мен дәйектілігі; * кәсіби қызмет динамикасы; * ұсынылған материалдардың мазмұндылылығы мен толықтығы; * эстетикалық рәсімделуі. «Өзін-өзі таныстыру» кезеңі барысында: * шығармашылық жұмысты таныстыру деңгейі; * кәсіби жетістіктерге рефлексивті талдау жасай білуі; * АКТ қолдану деңгейі; * ауызша сөйлеу мәдениеті (мәнерлілігі, сауаттылығы, образдылығы) * импровизация жасау қабілеті; * аудиториямен жұмыс жүргізу дағдысы. Идеяны бағалау: * педагогикалық құзыреттілік (әдістемелік сауаттылық, АКТ, мақсаттардың жүзеге асуы) ; Олимпиаданың кезеңі Олимпиада 2026 жылдың 29,30 қаңтар күндері өтеді. Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысады. Еңбек өтілімдері 5 жылдан аспауы тиіс. Байқаудың өтетін орны: Б.Амалбеков атындағы ТМ базасындағы /РО/. Қатысушылар әр сатыға байланысы тест тапсырмаларын орындайды. 29 қаңтар күні тест тапсырытын уақыты: 10:00-12:00 «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру (фотопрезентация, бейнепрезентация, аудиожазба, көркемсөз, т.б. шығармашылық жолдар арқылы көрсетілуі мүмкін). 30 қаңтар күні қатысушы өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарасын ұсынады. (презентаци уақыты 5-7 минут). Өтетін уақыты: 10:00-12:00 . 15 . Қатысушының өтінімдерін бекітіп (вортта, электронды түрде) 20 қаңтарға дейін барлық олимпиада материалдарын, [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет. VI . Байқауда мыналар бағаланады: - Қатысушысының кәсібилігі мен жаңашыл идеяларының ұсынылуы; Оқушыға білім берудің жаңашыл әділ-тәсілдерін меңгертуі; - Қатысушысының коммуникативтік белгілері; - Қатысушысының ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеруі. Олимпиада нәтижесі әр тапсырма бойынша 10 ұпаймен бағаланады. Әрбір қатысушының нәтижесі әр тапрсырма бойынша жинаған ұпайларының қосындысы арқылы айқындалады. Екі кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 3 қатысушы Олимпиада лауреаттары болып жарияланады. Жоғарғы ұпай жинаған лауреат Олимпиада жеңімпаздары болады. VII. Қорытынды шығару және марапаттау. Олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті Жаңаарқа ауданының білім бөлімі болып табылады. Олимпиаданың ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық олимпиаданы комиссиясы құрылады. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы олимпиаданы ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады. Олимпиада жеңімпаздары марапатталады. Қосымша 3. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысушылар № Педагогтердің тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлік бойынша) Қала (аудан) ББҰ толық атауы Байланыс телефон,: e-mail:

    ЗаседаниеЗавершено

    ХІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі «RoboLand 2026» аудандық жарысы

    Бекітемін «Жаңаарқа аудандық білім бөлімі» ММ басшысы __________ М. Е. Балабаева «__» ___________2026ж ХІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі «RoboLand 2026» аудандық жарыстың ЕРЕЖЕСІ «Жаңаарқа аудандық білім бөлімі» ММ мен «Оқушылар үйі» КМҚК ұйымдастырумен робототехника үйірмелері арасында «Roboland-VI» аудандық байқау өткізіледі. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, робототехника үйірмесіне қызығушылықтарын арттыру, бағдарламалау және инновациялық технологиялар саласында қызметті дамыту, техникалық шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу, техникалық құрастыру дағдыларын игеру, робототехниканың оқытудағы жаңа шығармашылық бағытын дамыту. Байқау барысы: Байқау оқушылар арасында робототехниканың төмендегі санаттар бойынша ұйымдастырылады: «Басқарылатын роботтардың шағын футболы» «Кегельринг-квадро Х2» «Лабиринт. Level 1» «Теңге алу» «Садақ ату» «Шығармашылық санат» жобалар байқауы «Болашақ инженерлері - 3D прототиптеу» Жарыстын әр санатына тек 1 команда қатысады. Өткізілу орны: Б.Амалбеков атындағы ТМ(РО) Жарыстың өтетін күні мен уақыты: 19.01.2026 ж Өтетін мекен-жайы: Ә.Оспанова 43 Жауапты: Б.Амалбеков атындағы ТМ (РО) Жарысқа қатысатын оқушылардың тізімін реттеп сұранысты қантар айының 16 жұлдызына дейін [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет. ХІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі «RoboLand 2026» аудандық жарысқа Ө Т І Н І М Қатысушының аты-жөні Қатысушының жасы Білім беру ұйымының аталуы Байқаудың бағыт аталуы Жетекшісі нің аты-жөні Жетекшінің байланыс құралдары (ұялы телефоны) 1 2 4 5 6 7 Басшының аты жөні (Мөрі, қолы)

    ЗаседаниеЗавершено

    Районный конкурс «Лучший учитель английского языка – 2024»

    Жаңаарқа ауданының жалпы білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мүғалімдерінің «Үздік ағылшын тілі мұғалімі – 2024» аудандық сайысының ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Осы ереже «Үздік ағылшын тілі мұғалімі – 2024» аудандық байқауының (бұдан әрі байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, өткізу шарттарын, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, бағалау өлшемдерін, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды. Байқауды Жаңаарқа ауданының білім бөлімі 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді. Байқаудың мақсаты : Байқау ағылшын тілі мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және бағалау, аудан мұғалімдері арасында ағылшын тілі пәнін оқыту деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Байқау міндеттері: - білім беру сапасын арттыру міндеттерін табысты шешетін, шығармашылық жұмыс атқаратын ағылшын тілі мұғалімдерін анықтау және қолдау; - білім беру ұйымдары, аудан, аймақ деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білім беру қызметін ынталандыру. Байқауды өткізу мерзімі мен шарттары 3.1. Байқау 2024 жылдың 15 мамырында онлайн форматында өтеді. 3.2. Байқауға Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысады. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді. 3.3. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. 3.4. Байқау 2 кезеңде сырттай, қашықтықтан өткізіледі. Бірінші кезең: Өтінімдер 30.04.2024 ж қабылданады. Бірінші кезеңге қатысушы келесі құжаттарды тапсыру қажет (электронды нұсқада) - Өтінім (1-Қосымша); - Сауалнама (2-Қосымша); -«Педагогикалық шеберлік»/ «Pedagogical excellence» авторлық әдістемелік әзірлеме ; Байқау тапсырмасы: Байқауға қатысушылар номинациялар бойынша бірегей педагогикалық идеялардың сипаттамасын қамтитын авторлық әдістемелік әзірлемелерді ұсынады : - «Дидактикалық материалдарды пайдаланудың табысты технологиясы»; - « Ағылшын тілі сабағының үздік әдістемелік әзірлемесі»; - «Сыныптан тыс іс-шараның үздік әзірлемесі». Байқау тапсырмасының бағалау критерийлері: Байқау материалы мазмұнының мәлімделген номинацияға, тақырыпқа, деңгейіне, оқушылардың жасына сәйкестігі; Материалдың жаңалығы, қолданылған педагогикалық тәсілдер мен әдістердің анықтығы мен айқындығы; Нәтижелерді сипаттау айқындығы, әзірлеудің практикалық құндылығы, оны басқа білім беру мекемелерінде енгізу мүмкіндігі. 3.5. Байқаудың екінші кезеңінің бағдарламасы келесі тапсырмаларды қамтиды: Байқау жұмыстары 15.05.2024ж.(қоса алғанда) күнге дейін қабылданады. - « I am a new formation teacher » шығармашылық видео немесе презентациялық таныстырылым , регламент 3 минут. заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі, өзінің іс-тәжірибесін ұсыну. Бағалау критерийлері: көшбасшылық қабілеттер, автордың ұстанымы, ой-өрісінің кеңдігі, өз идеялары мен ұсыныстары, сөз сөйлеудің бірегейлігі. - «Шеберлік-сабақ» регламенті 7 минут. «Шабыттандырушы әлем - үздік сабағымда» / "An inspiring world - in my best lesson" Youtube желісіне жүктелген сабақ сілтемелерін ұсыну. Бағалау критерийлері: мақсат қою, тақырыпты ашуға шығармашылық көзқарас, күрделі тақырыпты терең түсіну, аргументация және логикалық құрылымдар жүйесі, ойлау креативтілігі заманауи технологияларды қолдануы. Қорытынды шығару және марапаттау. 4.1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Жаңаарқа ауданының білім бөлімі болып табылады. 4.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық байқау комиссиясы құрылады. 4.3. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы байқауды ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады. Байқаудың сараптамалық комиссиясы 2024 жылдың 15-20 мамыр аралығында ұсынылған байқау материалдарын талдайды және бағалайды, ақтық кезеңге қатысушыларды анықтайды. 4.4 . Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады. 1-қосымша Өтініш Білім беру ұйымының толық атауы _______________________________ ______________________________________________________________ Аймақ ________________________________________________________ Байқауға қатысушының аты-жөні _______________________________ Ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі ________________________ ______________________________________________________________ Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы)_______________________________________________________ Білім беру ұйымы басшысының қолы Мөр 2-қосымша Сауалнама ТАӘ _________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________ жұмыс өтілі ______________ санат _______________________ Біліктілікті арттыру курстары (соңғы жылы, тақырыбы) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________ Пән бойынша өз білімін жетілдіру тақырыбы: _______________________________________________________________________ Ең маңызды жеке жетістіктері (соңғы үш жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Марапаттары, атақтары: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқушылардың ең маңызды жетістіктері (соңғы бір-екі жылда): ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    ЗаседаниеЗавершено

    Районный конкурс «Лучший классный руководитель – 2024»

    Жаңаарқа ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мүғалімдерінің «Үздік сынып жетекші – 2024» аудандық сайысының ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Осы ереже «Үздік сынып жетекші – 2024» аудандық байқауының (бұдан әрі байқау) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, өткізу шарттарын, оның қатысушыларына қойылатын талаптарды, бағалау өлшемдерін, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды. Байқауды Жаңаарқа ауданының білім бөлімі әр көшбасшыны 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері педогогтердің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және бағалау, аудан мұғалімдері арасында бастауыш пәнін оқыту деңгейін арттыру, ынталандыру мақсатында өткізіледі. Байқау міндеттері: - білім беру сапасын арттыру міндеттерін табысты шешетін, шығармашылық жұмыс атқаратын бастауыш мұғалімдерін анықтау және қолдау; - білім беру ұйымдары, аудан, аймақ деңгейінде өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білім беру қызметін ынталандыру. Байқауды өткізу мерзімі мен шарттары 3.1. Байқау 2024 жылдың 8-18 сәуірде өтеді. 3.2. Байқауға Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысады. Қатысушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтілі ескерілмейді. 3.3. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. 3.4. Байқау 3 кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең: сырттай, қашықтықтан өткізіледі. Өтінімдер мен байқау жұмыстары, сынып жетекшісінің электронды түрде портфолиосы, берілген тақырып бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу. (Мастер – класс) уақыты—15-20 минут; ( онлайн ) тапсырылады 23.02.2024ж. аралығында қабылданады. Екінші кезең: Байқаудың сараптамалық комиссиясы 2024 жылдың 21.02.2024жыл аралығында ұсынылған байқау материалдарын талдайды және бағалайды, ақтық кезеңге қатысушыларды анықтайды. Үшінші кезең: финалдық, оффлайн– 27.02.2024 жыл. 3.5. Бірінші кезеңге қатысушы келесі құжаттар пакетін тапсыру қажет (электронды нұсқада) - Өтінім (1-Қосымша); - Сауалнама (2-Қосымша); 4 .Байқауды өткізу тәртібі Аудандық байқау бес кезеңнен тұрады: 1) «Мен сынып жетекшісімін» атты тақырыпта өзін-өзі таныстыру;( оффлайн ) 2) Берілген тақырып бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу (Мастер – класс) уақыты—15-20 минут; ( онлайн ) 3) «Педагогика және психологияның теориясы мен әдістемесі» сынып жетекшілерінің білімдерін тексеру ситуациялық жағдаяттар (5 минут)( оффлайн ); 4)Бейне-роликтер байқауы (слайд-шоу)—10 минут.( оффлайн ) 5) Өнерін көрсету. (5 мин.).( оффлайн ) 7. Байқауға қойылатын талаптар: Білім бөліміне 2024 жылғы 22 ақпанға дейінгі мерзімде байқауға қатысатын сынып жетекшісінің жеке өтініші және қатысушы туралы анықтама-пікір (мінездеме) , сынып жетекшісінің электронды түрде портфолиосы тапсырылады. Байқау тапсырмасының бағалау критерийлері: Байқау материалының мазмұнының мәлімделген номинацияға, тақырыпқа, деңгейіне, сәйкестігі; Материалдың жаңалығы, қолданылған педагогикалық тәсілдер мен әдістердің анықтығы мен айқындығы; Нәтижелерді сипаттау айқындығы, әзірлеудің практикалық құндылығы, оны басқа білім беру мекемелерінде енгізу мүмкіндігі. 6 Байқаудың күндізгі кезеңінің бағдарламасы келесі тапсырмаларды қамтиды: 1) «Мен сынып жетекшісімін» атты тақырыпта өзін-өзі таныстыру;( оффлайн ) 2) Берілген тақырып бойынша сыныптан тыс тәрбие жұмысын өткізу (Мастер – класс) уақыты—15-20 минут; ( онлайн ) 3) «Педагогика және психологияның теориясы мен әдістемесі» сынып жетекшілерінің білімдерін тексеру ситуациялық жағдаяттар (5 минут)( оффлайн ); 4)Бейне-роликтер байқауы (слайд-шоу)—10 минут.( оффлайн ) 5) Өнерін көрсету. (5 мин.).( оффлайн ) 7. Қорытынды шығару және марапаттау. 7.1. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Жаңаарқа ауданының білім бөлімі болып табылады. 7.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін сараптамалық байқау комиссиясы құрылады. 7.3. Сараптамалық байқау комиссиясының құрамы байқауды ұйымдастырушылардың өкілдерінен және шақырылған мамандардан құрылады. 7.4. Байқаудың ІІІ кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады. 7.5 .Байқаудың аудандық кезеңінде келесі жүлделі орындар белгіленеді: Бас жүлде, 1 - 1 орын, 1 - 2 орын, 2 - 3 орын. Номинациялар: • «Сынып жетекші – көшбасшы» • «Жаңашыл сынып жетекшісі» • «Зиялы сынып жетекші» Байқауға қатысатын сынып жетекшісінің жұмысының тиімділігінің көрсеткіштері 1-қосымша Өтініш Білім беру ұйымының толық атауы _______________________________ ______________________________________________________________ Аймақ ________________________________________________________ Байқауға қатысушының аты-жөні _______________________________ Тарих пәні мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі ________________________ ______________________________________________________________ Байланыс ақпараты (пошталық мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы)_______________________________________________________ Білім беру ұйымы басшысының қолы Мөр 2-қосымша Сауалнама ТАӘ _________________________________________________________ Жұмыс орны _______________________ жұмыс өтілі _______________ санат _______________________ Біліктілікті арттыру курстары (соңғы жылы, тақырыбы) _____________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Пән бойынша өз білімін жетілдіру тақырыбы: _______________________________________________________________________ Ең маңызды жеке жетістіктері (соңғы үш жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Марапаттары, атақтары: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқушылардың ең маңызды жетістіктері (соңғы бір-екі жылда): ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.