1 мая - День единства народа Казахстана!

    Статус
    Завершено
    Формат
    Очно
    1 мая - День единства народа Казахстана!
    ПоздравлениеЗавершено

    Қадірлі қонақтар!

    Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша күн.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз бір ел, біртұтас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қоғамдастықтағы абырой-беделімізді арттырдық» деп атап өткендей, осы жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті. Қазақта «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы пен бауырмалдығы бейбіт күннің ең басты құндылығы.

    Бірлікті бағалап, ынтымақты темірқазық еткен, ұлттар мен ұлыстарғы құтты мекен болған Созақ елінде бірнеше этнос өкілдері тату- тәтті, ауызбіршілікте өмір сүруде. Береке бірліктің арқасында туған жер жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, кемелденіп, ынтымағы артқан өңір екенін танытуда.

    Қадірменді жерлестер!

    Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!

    Аудан әкімі С. Полатов

    Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев

    Похожие материалы

    ПоздравлениеЗавершено

    25 Кыркүйек - Соңғы қоңырау

    Қадірлі ата-аналар! Құрметті ұстаздар және мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Соңғы қоңырау үні балғын балалық шақпен қоштасып, болашаққа қанат қағатын мектеп бітіруші түлектер есінде - ең бір қымбат, ең бір қимас кез ретінде есте қалары сөзсіз. Осыдан он бір жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған жас бала, міне, бүгін үлкен өмірге қадам басып отыр. Осы күні түлектер он бір жыл білім алған алтын ұя- мектебімен қоштасып, ұстаздар әріп танытып, білім нәрін берген оқушыларын қанаттандырады. Мектеп табалдырығын «тарыдай болып аттап, таудай болып шығып тұрған» сендерді алда үлкен белестер күтіп тұр. Ұлттық Бірыңғай тестін сәтті тапсырып, ересек өмір айдынында өз орындарыңызды табуға шын көңілден тілектеспін. Отанымыздың озық оқу орындарында білім алып, еліміздің қажетті мамандық иесі атантындарыңызға сенемін. Құрметті ұстаздар және оқушылар! Баршаңызды оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, амандық, бақ- береке, оқуда үлкен табыстар тілеймін! Ізгі тілекпен, Аудан әкімі Салыхан Полатов

    ПоздравлениеЗавершено

    9 мая - День победы!

    Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер! Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз» деп айтқандай, майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Тылда жүріп, белуардан су кешіп бел шешпей еңбек етті. Осындай ерлік көрсеткен алдыңғы толқынды құрметтеу, ұмытпау біздің парызымыз. Біз жеңімпаз халықтың ұрпақтары екенімізді мақтан тұтамыз. Тәуелсіз еліміздің отан қорғаушылары бейбіт өмірде де халқымен бірге жасасып келеді. Қиын сәтте қанаттаса қызмет көрсетіп, төтенше жағдай кезінде елге қол ұшын созып, ұрпақтар сабақтастығын жоғары дәрежеде жалғап жүр Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Аудан әкімі С. Полатов Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев

    ПоздравлениеЗавершено

    22 Наурыз - әз Наурыз мерекесі

    Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз - күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауы болған мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке-халқымыздың болмасы, ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті, дәстүрімізбен діліміздің өзегі. Бұл күні адамдар өзара өкпе-назын ұмытып, кешірімге жасап, татуласқан. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан. Тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен. Тамыры тереңде жатқан ежелгі наурыз мерекесі қазіргі кезде жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болып келеді. Құрметті жерлестер! Жыл басы наурыз құтты болсын! Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Ұлыстың ұлы күні елімізге құт - береке әкелсін. Халқымызға – ынтымақ, елімізге молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз! Аудан әкімі С. Полатов Аудандық маслихаттың хатшысы Б. Байғараев

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.