Аппарат акима Сузакского района

    Об акимате

    Основной целью деятельности аппарата акимата Созакского района входят следующие: планирование бюджета, формирование и использование бюджета, организация экономической деятельности, транспорт, связь,использование земельных и природных ресурсов, обеспечение законности и дисциплины, защита прав, свобод и интересов граждан и другие. Органы управления в населенных пунктах и селах входят в состав местной власти.

    Новости

    Все новости

    События

    ЗаседаниеЗавершено

    25 Кыркүйек - Соңғы қоңырау

    Қадірлі ата-аналар! Құрметті ұстаздар және мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Соңғы қоңырау үні балғын балалық шақпен қоштасып, болашаққа қанат қағатын мектеп бітіруші түлектер есінде - ең бір қымбат, ең бір қимас кез ретінде есте қалары сөзсіз. Осыдан он бір жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған жас бала, міне, бүгін үлкен өмірге қадам басып отыр. Осы күні түлектер он бір жыл білім алған алтын ұя- мектебімен қоштасып, ұстаздар әріп танытып, білім нәрін берген оқушыларын қанаттандырады. Мектеп табалдырығын «тарыдай болып аттап, таудай болып шығып тұрған» сендерді алда үлкен белестер күтіп тұр. Ұлттық Бірыңғай тестін сәтті тапсырып, ересек өмір айдынында өз орындарыңызды табуға шын көңілден тілектеспін. Отанымыздың озық оқу орындарында білім алып, еліміздің қажетті мамандық иесі атантындарыңызға сенемін. Құрметті ұстаздар және оқушылар! Баршаңызды оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, амандық, бақ- береке, оқуда үлкен табыстар тілеймін! Ізгі тілекпен, Аудан әкімі Салыхан Полатов

    ЗаседаниеЗавершено

    9 мая - День победы!

    Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер! Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз» деп айтқандай, майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Тылда жүріп, белуардан су кешіп бел шешпей еңбек етті. Осындай ерлік көрсеткен алдыңғы толқынды құрметтеу, ұмытпау біздің парызымыз. Біз жеңімпаз халықтың ұрпақтары екенімізді мақтан тұтамыз. Тәуелсіз еліміздің отан қорғаушылары бейбіт өмірде де халқымен бірге жасасып келеді. Қиын сәтте қанаттаса қызмет көрсетіп, төтенше жағдай кезінде елге қол ұшын созып, ұрпақтар сабақтастығын жоғары дәрежеде жалғап жүр Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Аудан әкімі С. Полатов Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев

    ЗаседаниеЗавершено

    1 мая - День единства народа Казахстана!

    Қадірлі қонақтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз бір ел, біртұтас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қоғамдастықтағы абырой-беделімізді арттырдық» деп атап өткендей, осы жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті. Қазақта «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы пен бауырмалдығы бейбіт күннің ең басты құндылығы. Бірлікті бағалап, ынтымақты темірқазық еткен, ұлттар мен ұлыстарғы құтты мекен болған Созақ елінде бірнеше этнос өкілдері тату- тәтті, ауызбіршілікте өмір сүруде. Береке бірліктің арқасында туған жер жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, кемелденіп, ынтымағы артқан өңір екенін танытуда. Қадірменді жерлестер! Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін! Аудан әкімі С. Полатов Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев

    ЗаседаниеЗавершено

    22 Наурыз - әз Наурыз мерекесі

    Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз - күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауы болған мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке-халқымыздың болмасы, ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті, дәстүрімізбен діліміздің өзегі. Бұл күні адамдар өзара өкпе-назын ұмытып, кешірімге жасап, татуласқан. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан. Тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен. Тамыры тереңде жатқан ежелгі наурыз мерекесі қазіргі кезде жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болып келеді. Құрметті жерлестер! Жыл басы наурыз құтты болсын! Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Ұлыстың ұлы күні елімізге құт - береке әкелсін. Халқымызға – ынтымақ, елімізге молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз! Аудан әкімі С. Полатов Аудандық маслихаттың хатшысы Б. Байғараев

    Документы

    Информация

    АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ КЕЗДЕСУ ҰЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

    АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ КЕЗДЕСУ ҰЫМДАСТЫРЫЛДЫ. Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Бакиров Шу Ауылдық Округі Әкімшілігі , Жуантөбе , Тасты Ауыл Округі әкімі аппаратының мемлекеттік және азаматтық қызметшілермен жиын өткізді. Жиын барасында әдеп кодексі талаптары түсіндіріліп және қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау тапсырылды. Сонымен қатар, әдеп уәкілінің 2026 жылғы үлгілік жұмыс жоспарына сай түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 31.05.2021 жылғы №358 қаулысымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидасының 56 тармағына сәйкес, №4 ҮББ-нің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы мен «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасының негізгі бағыттары насихатталды.

    Аппарат акима Сузакского районаОпубликован:
    Информация

    ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен терроризмге қарсы және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, қорғаныс істері жөніндегі бөлім, төтенше жағдайлар бөлімі, құзырлы мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Райымқұлов, Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Дәуіржан Абраев және мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы Ұлжан Шекеева баяндама жасады. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы құқық бұзушылықтардың, алаяқтық қылмыстарының, оның ішінде интернет алаяқтығының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерман Нұрәділ хабарлама жасады. Жиын барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы күн тәртібіндегі әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын жіті назарға алды. Көрсеткіштер мен цифрларға ғана сүйенбей, нақты нәтижеге бағытталған жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Жауапты сала жетекшілеріне қауіпсіздік шараларын күшейту, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейтуді тапсырды.

    Аппарат акима Сузакского районаОпубликован:
    Информация

    ПОСТАНОВЛЯЕТ

    Аппарат акима Сузакского районаОпубликован:
    Положение

    «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    « Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ере желер «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Бөлімнің ведомстволары жоқ. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы, 161000, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, ғимарат 5 . Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. Бөлім қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Созақ ауданы әкімдігі; 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері Мақсаты: 1) Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы сапалы және қолжетімді қызметтер ұсынуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) Мемлекеттік тіл мен басқа да тілдердің динамикасын дамуына бағытталған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру; 3) Мемлекеттік тіл мен басқа да этникалық топтардың тілдерін дамыту, ономастикалық жұмысты жетілдіру. 14.Өкілеттіктері: 1) құқықтары: мемлекеттік мекемеге міндеттелген функцияларды атқару үшін мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұратады және алады; белгілі құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға тапсырмалар береді; өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады; өз құзырына жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімінің, өкімінің, аудан әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындайды; осы ережемен және заңдылықтармен, облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады. мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан Әкімінің нормативтік- құқықтық актілерінің орындалуы туралы мекеме, ұйым, кәсіпорындардан мәліметтер мен тиісті құжаттарды талап етуге; өз құзырына жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындайды; осы Ережемен және заңнамалармен, облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады. мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы негізгі бағыттарды анықтайды, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі перспективалық ағымдағы, мақсаттық бағдарламаларды өңдейді және жүзеге асырады; аудан әкімдігінің қаулыларын дайындауға, өз саласының аймақтық бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын калыптастыруға қатысады; дене шынықтыру және спорт ұйымдарына кеңестік, заңды көмек көрсетеді; кадр саясаты мәселелері бойынша қарамағындағы ұйымдар мен мекемелерге кеңестік көмек көрсетеді; дене шынықтыру мен спорт жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында симпозиумдар, конференциялар, семинарлар және басқа да оқу нысандарын ұйымдастырады; түрлі ведомстволар және қоғамдық ұйымдар ұйымдастыратын дене шынықтыру және спорттық шараларын үйлестіреді, бірыңғай іс-шаралар және жарыстар тізбесін бекітеді, оның өткізуіне басшылық етеді; дене шынықтыру және спорт ұйымдарымен методикалық басшылықты жүзеге асырады; мүдделі ұйымдар мен ведомстволардың келісімі бойынша шығын мөлшерін бекітеді, дене шынықтыру және спорт шараларына қатысушыларды материалдық қамтамасыз етеді; ауданның құрама командаларын сапалы түрде дайындауды жүзеге асырады, аудан спортшыларын облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді; мүдделі ведомстволар және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жөнінде жұмыс жүргізеді, ведомстволық тәуелділікке және салалық орталықтарына қарамай, спорт клубтары мен мектептер жүйелерін дамытуды үйлестіреді; дене шынықтыру және спорт ұйымдары қызметкерлеріне, аудан шаралары жүлдегері мен жеңімпазына бағалы сыйлықтар беру, оларды грамоталармен, дипломдармен, медальдармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіпте шешеді; заңда белгіленген мерзімді есеп-қисаптық есеп жасап, оны белгіленген мекен жайларға тапсырады; келісім мен тәртіп бойынша статистика органдарынан және тиісті басқармалар мен ведомстволардан бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алады; жүктелген міндеттерін толық орындау үшін бөлім аппаратын өндірістік шаруашылық және әлеуметтік тұрмыстық тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлғалардың барлық құқықтарын пайдаланады. 2) міндеттері: уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады; театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді; мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады; ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді; өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады; ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады; мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді; ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мәдениет, тіл саясаты саласындағы ұйым, мекеме жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, дене шынықтыру мен спорттық материалдық-техникалық базасын кұру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту; Мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша ауданның даму жоспарын жасап, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді, жүргізілген жұмыстарының нәтижесі бойынша талдау жасайды. Мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласын реттейтін заңдардың орындалуын және осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылайды. Мәдени мекемелердің жұмысын үйлестіріп, бақылайды, аудан халқының бос уақытын тиімді өткізуге арналған мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар жұмыстарын ұйымдастырып, басшылық жасайды. Тіл туралы заңының орындалуын, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды қадағалайды және ұлттар арасындағы тұрақтылық пен келісімді барынша нығайтуды жүзеге асырады. Мәдени мекемелердің жұмыстарына бағыт бағдар береді, ұйымдастырады, басшылық жасайды және қоғамдық бірлестіктер жұмыстарына қолдау көрсетеді; Тұрғындардың демалысын тиімді пайдалануға бағытталған мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырады. Созақ ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттерді орындайды; Халықаралық, аймақаралық спорт ұйымдарында, ауданның мүдделерін білдіру; Дене шынықтыру және спорт салаларының мүдделерін республика, облыс және аудан алдында көрсету; Саланың ақпараттық-жарнамалық және баспа жұмыстарын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт қозғалысын насихаттау; Дене шынықтыру және спорт салаларындағы кадрлар потенциалын талдау, оның мамандарға мұқтаждығын алдын-ала болжау, кадрларды дайындау, мамандығын жетілдіру және орынды пайдалану; Мүдделі ведомстволармен бірлесіп дене шынықтыру мен спорт саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу; Мемлекеттік дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі аудан ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметін үйлестіру, сонымен қатар саланың өзекті проблемаларын практикалық шешу жөніндегі поселке және ауыл әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасау; Функциялары: 1) мемлекеттік мекеменің функциялары: заңда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласын ауылдық, поселкелік елді мекендердің іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру; мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында енгізілген өзгерістер туралы халыққа хабарлап отыру; мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бойынша шешімдер қабылдау; мемлекеттік мекемелердің жұмыстарына мемлекеттік тілді және дене шынықтыруды дамыту бойынша бағыт бағдар береді; аудан аумағындағы мәдениет, ескерткіштерін және тілдердің тарихын зерттейді; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. 2) ведомстволардың функциялары: ақпараттық, мәдени, білім беру, дене шынықтыру және спорт функцияларын жүзеге асырады; маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен маңдайшаларды орналастыру туралы ұсыныстарға келісу немесе уәжді ескерту береді. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады. «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері: 1) бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады; 2) бөлімнің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің Ережесінде айқындалатын өз құзіретінде сәйкес дербес шешеді. 3) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді; 4) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді; 5) шарттар жасасады: 6) сенімхаттар береді; 7) бөлімнің іс сапарларға, тағлымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді; 8) банк шоттарын ашады: 9) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 10) бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады; 11) бөлімнің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды; 12) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттер мен өкілеттік аясын айқындайды; 13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқару органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Бөлімнің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің тізбесі: 1) «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны; 2) «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 3) «Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Аппарат акима Сузакского районаОпубликован:
    Отчет

    2026 жылғы Созақ ауданыны әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ I-ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

    2026 жылғы Созақ ауданыны әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ I-ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ Созақ ауданының әкімі 09.04.2026 сағ. 11:00 09.04.2026 сағ. 15:00 10.04.2026 сағ. 10:00 10.04.2026 сағ. 15:00 16.04.2026 сағ. 11:00 16.04.2026 сағ. 15:00 17.04.2026 сағ. 11:00 Шу е.м. Тасты е.м. Қыземшек к. Жуантөбе е.м. Қаратау е.м. Қарақұр е.м. Созақ е.м. 17.04.2026 сағ. 15:00 23.04.2026 сағ. 11:00 23.04.2026 сағ. 15:00 24.04.2026 сағ. 11:00 24.04.2026 сағ. 15:00 Сызған е.м. Жартытөбе е.м. Құмкент е.м. Таукент к. Шолаққорған е.м.

    Аппарат акима Сузакского районаОпубликован:
    Информация

    О регистрации избранного акима

    О регистрации избранного акима СООБЩЕНИЕ СОЗАКСКОЙ РАЙОННОЙ ТЕРРИТОРИАЛЬНОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ В соответствии с пунктом 1 статьи 113-11 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан» Созакская районная территориальная избирательная комиссия на заседании от 1 марта 2026 года в качестве акима сельского округаЖуантобе зарегистрировала: Абраева Дауржана Джолдашовича, 1986 года рождения, житель сельского округа Жуантобе, Созакского района, член партии «Amanat», выдвинут от партии «Amanat», по национальности казах.

    Аппарат акима Сузакского районаОпубликован:
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.