Биыл колледждерге қабылдау тәртібі өзгерді. Қабылдау тәртібі қандай? Тегін білім беріле ме?
2021-2022 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен 3666, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1085 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады (барлығы 4751 орын). Ақтөбе облысы абитуренттерді іріктеу, қабылдаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін «SmartNation» бірыңғай порталын таңдады. 20 маусымнан бастап колледждерге құжаттар қабылданып жатыр. Құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады. Биылғы ерекшілік – қабылдау емтихандары өткізілмейді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медециналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоғары оқу орындарына) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрық қойылды. Қазір білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылып жатыр.