Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 137 шеберхана, 224 зертхана, 20 оқу полигондары, 4 оқу шаруашылығы, 4 автодром жұмыс жасайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық базасын жаңарту «Жас маман» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 5 колледжінің (Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Хромтау тау-кен техникалық колледжі, Ақтөбе Құрылыс және бизнес колледжі және Ақтөбе автомобиль-жол колледжі) материалдық-техникалық базасы заманауи жабдықтармен жаңартылды.
2021 жылы тағы 5 колледжде (Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық, Ақтөбе байланыс және электротехника, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару, Ақтөбе сервис және Ойыл аграрлық колледжі) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер өткізіледі.
Сондай-ақ, бүгінгі күні "Жер қойнауын пайдалану туралы" Заңға сәйкес 814 млн.теңге сомасына колледждердің материалдық-техникалық базасын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын қайта бөлу мүмкіндігі туралы мәселе шешілуде.