
Көктемгі кезеңге дайындық мақсатында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда 2020 жылғы су тасқынына дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарын әзірледі.
Су тасқынына ұшырайтын облыстың Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Қаражал қалалары мен Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Осакаров, Шет, Ақтоғай, Ұлытау, Нұра аудандарында өзендердің су ағыстарын тереңдету, тазарту, кеңейту және бұру, өзен арналарындағы рұқсат етілмеген құрылыстарды (жолдарды) бұзу (жою), өзен арналарындағы құрылыстарды (жолдарды) жөндеу, гидротехникалық құрылыстардағы (бөгеттердегі) су тасқын суларын тазарту, кеңейту, тереңдету, елді мекендерде қорғаныс дуалдарын орнату, өзендердің су ағыстарын қалпына келтіру, тазарту, өзендердің арналарындағы (жолдарды) құрылыстарды жөндеу, кеңейту, сондай-ақ су тасқыны жағдайын жақсарту үшін басқа да инженерлік жұмыстар жоспарланған. Барлығы 105 іс-шара жоспарланған.
Осы жоспар аясында бүгінгі күні Жаңаарқа ауданында жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Ақтүбек ауылында ұзындығы 900 метр қорғаныш жер бөлігін орнату жұмыстары аяқталды.
Ақтүбек ауылдық округінің Атасу станциясында ұзындығы 2000 метр қорғау дуалын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 500 метр дуал тұрғызылды.
Ералиев ауылдық округінің 189 разъезінде ұзындығы 1300 метр қорғаныш жер дуалын нығайту жұмыстары жүргізілуде.
3-тоқсанда жоспар мерзіміне сәйкес Шет, Нұра, Осакаров, Ақтоғай, Абай және Бұқар жырау аудандарының елді мекендерін қорғау бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.






