Жаз айы - жылдың ең қызықты маусымы, көптен күткен демалыс және каникул кезеңі, демалысыңды алыс жағалауға саяхат жасап немесе өз үйінде өткізуге болады. Біздің қала әртүрлі су қоймаларына –үлкен және кіші өзендерге бай, қала тұрғындары мен қонақтары жаздың аптап ыстығында суға шомылып демалғанды ұнатады. Сондықтан су жағасында демалу кезінде қайғылы оқиғалар орын алмауы өте маңызды.
Су қауіпсіз болуы және қаланың су айдындарында шомылғысы келетіндер үшін Алматыда "Қауіпсіз су" атты ауқымды әлеуметтік-алдын алу акциясы өтуде.
Акцияның ұйымдастырушылары Алматы қаласы ТЖД-і, сондай-ақ акцияға полиция, жедел медициналық көмек қызметкерлері, ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ, құтқару қызметінің сүңгуірлері және волонтерлер қосылды. Акцияның мақсаты-судағы қайғылы оқиғалардың қаупін барынша азайту, сонымен қатар балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Өткен демалыс күндері акция қала аумағында орналасқан балалардың сауықтыру лагерлерін, сондай-ақ су жағасындағы көпшілік демалатын орындарды қамтыды.
Алғашқы акция Бостандық ауданының «Юный Домостроитель» лагерінің демалушылармен өтті.
200-ден астам бала құтқарушылардың өмірі туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтер алды, тәрбиеленушілер құтқару құрал-жабдықтарымен жақынырақ танысып, қызықтырған сұрақтарын қойды.
Балалар суда апатқа ұшырағандарға құтқару шегін, құтқару шеңберін қалай беруге болатынын, сондай-ақ зардап шеккенді жағаға қауіпсіз жерге қалай алып шығуға болатынын қызығушылықпен тыңдады.
Балалар ойын түрінде алынған ақпаратты жақсы меңгеретіндіктен, олармен интерактивті викторина өткізілді, оның барысында судағы қайғылы оқиғаға жол бермеуге мүмкіндік беретін маңызды ережелерді еске салды. Балалар қауіпсіздік ережелерін бекіте отырып, акцияға үлкен қызығушылықпен қатысты, ал бұл білімдер балалардың жадыларында ұзақ уақыт сақталуы үшін оларға судағы қауіпсіздік бойынша негізгі талаптарды қамтитын брошюралар мен жадынамалар табыс етілді.
Өткен демалыс күндері Сайран көлінің жағасында демалушылар да акцияға қатысты. Су айдынына балаларымен келген ата-аналарға ТЖД инспекторлары мен РЖҚЖ және құтқару қызметінің құтқарушылары балаларды қатаң бақылау және оларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті. Акция қатысушылары су айдындарында ересектердің еріп жүруінсіз шомылуға келген балалардың болмауын қадағалады.
«Қауіпсіз су» акциясы Алматыда суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, судағы, оның ішінде балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі және қаланың су айдындарын қауіпсіз, ал жаз айын – жарқын және есте қаларлық қуанышты сәттермен өткізуге мүмкіндік береді.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, атап айтқанда:
- тек жабдықталған жағажайларда және суға шомылу үшін арнайы рұқсат және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;
- жүзе білмесеңіз, белдеуден жоғары суға кірмеңіз;
- суға түсу кезінде бір-біріңізден алыстамаңыздар;
- жағалаудан алысқа сыртына және қоршау белгілерінен асып жүзбеңіз;
- жүзе білмесеңіз, жүзуге арналған дөңгелектерді, үрлемелі матрацтарды пайдаланбаңыз;
- жақын келе жатқан катерлерге, қайықтарға қарсы жүзбеңіз;
- суға қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан секірмеңіз;
- тым ұзақ суға түспеңіз, салқындау және шаршау болуы мүмкін;
- суға түнгі уақытта және мас күйінде шомылмаңыз.