«Жаз мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті

    «Жаз мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті
    2019 жылы 2 шілдеде Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник С. Молдақараевтың, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» басшысы Б. Ембергенов, «Қазгидромет» РМК филиалының бөлім бастығы А. Жүкелованың қатысуымен «Жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті.
    1 шілдеде, «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қызылорда қаласында ауа температурасы +47 градус болды.
    29 Kyzyl Orda Bezop Letom 2 «Жоғарыда айтып өткендей, облыс тұрғындарына күннің күрт ысуына орай күн сайын қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, БАҚ-қа ақпарат таратылып, ұялы байланыс нөмірлеріне хабарлама берілуде. Біздің облысымыз оңтүстік аймаққа жататындықтан, жазғы кезеңде ыстық күндерде әрбір тұрғын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс»,-деді Департамент бастығының орынбасары С.Молдақараев.
    Баспасөз-мәслихаты барысында облыста тіркелген өрт оқиғалары туралы да айтылды. «2019 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста 247 өрт тіркелді. Орын алған өрттердің 15-уі объектілерде, 166-сы тұрғын үй секторында, 60–сы автокөліктерде, 1-і орман өрті және 5 өзге де өрттер орын алған. Сондықтан облыс тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қоғамның мүлкін және адам өмірін сақтау сіздердің өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын орындауыңызға байланысты екенін ұмытпаңыз.»,- деді Саид Молдақараев.
    29 Kyzyl Orda Bezop Letom 3 «Жыл басынан облыс су айдындарында 17 адам суға батып кетті, оның 5–еуі - бала. Адамдардың қаза болуының негізгі себептері - абайсыздық және жеке қауіпсіздік шараларын сақтамау. Барлық жазатайым оқиғалар шомылу үшін белгіленбеген орындарда, тиісті қауіпсіздік құралдарымен қамтылмаған «жабайы жағажайларда» орын алады. Облыс бойынша шомылуға арналған 3 орын бар, олардың барлығы жеке ұйымдардың қарамағында. Бұл Қызылорда қаласындағы «Арай», Белкөл кентіндегі «Абай» және Шиелі кентіндегі «Алтын мереке» жағажайы»,-деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
    Судағы қайғылы оқиғалардың басты себебі қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады. Негізінен зерттелмеген жерлерде (жылдам ағыспен, терең жерлермен) өзендер мен каналдарға шомылуы, суға түсу үшін қауіпті жерлерде рұқсат етілмеген жүзу құралдарын пайдалану, суға батушыларға алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмеуі себеп болуда.
    Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылар облыс тұрғындарымен профилактикалық әңгімелесулер, оқу орындарында кездесулер өткізуде, жылжымалы пункттің көмегімен су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы хабардар етуде, бейнероликтер көрсетуде, парақшалар таратады, брифингтер мен баспасөз турларын өткізуде.
    Сонымен қатар, су айдындарына баратын азаматтар демалу мәдениетін, шомылу қауіпсіздігі ережелерін, ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін сақтауы тиіс, - деді «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының» басшысы Бақыт Ембергенов.
    Төтенше жағдайлар департаменті барлық тұрғындарды, ата-аналар мен тәрбиешілерді балалардың су айдындарында, каналдарда, өзендерде және көлдерде ересектердің бақылауынсыз болуына жол бермеуге шақырады. Барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және өзіңіз бен балаларыңыздың өмірі өзіңіздің қолыңызда екендігін естен шығармауды ескертеді.
    Қызылорда облысы ТЖД
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.