
Жазғы кезең – жылы,ыстық ауа райымен, жидектер, көкөністер мен жемістердің пісуімен ғана шектелмейді. Бұл ересектер мен балалардың асыға күтетін жыл мезгілі. Жазғы демалыс уақыты, «ешнарсеге алаңдамау», табиғатқа бару, әрине, шомылу, шомылу... Ыстық ауа райында салқын суға шомылудан асатын ешнарсе жоқ.
Осылайша ағымдағы жылғы 4 шілдеде Тараз қаласының «Зербұлақ» көлінде ТЖД басшылығының қатысуымен суда шомылу кезіндегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға және шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған көшпелі брифинг пен баспасөз туры өткізілді.
Баспасөз туры барысында Департамент бастығының басшылығымен рейдтік іс-шаралар өткізіліп, әңгімелесулер барысында демалушы қала тұрғындарына мамандар ата-аналар мен балалардың назарына су қоймаларына жақын болған кездегі қауіпсіздік ережелерін, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырған жағдайда ата-аналардың жауапкершілігін жеткізді. Сонымен қатар үгіт-насихат материалдары таратылды.Өз кезегінде жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері судағы апат фактілерін жою және жүзу құралдарындағы адамдарды құтқару және балаларды жүзуге үйрету әдістерін шартты түрде пысықтау бойынша шеберлік сыныбын көрсетті. Сонымен қатар, сүңгуір-құтқарушылар сүңгуір-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамға білікті медициналық көмек көрсете алатын білікті фельдшерлері қатысты.







