
Аптап ыстық күндері Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті судағы кешенді профилактикалық іс-шараларды белсендетуде.
Соның бірі «Рахат-Бадам» демалыс аймағында ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға полковник Е.Бахаев басшылық етіп, республикалық «Хабар 24», жергілікті «Отырар» телеарналарының журналисттері қатысты.
Іс-шара барысында жедел-құтқару жасақтың мобильді тобы демалушыларға суда құтқару тәсілдерін көрсетіп, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шебер кластарын ұсынды. Ата-аналардың өтініштері бойынша жас балаларға суда жүзудің қарапайым әдістеріне үйретті. Құтқарушылардың мобильді тобы Бадам су қоймасында күнделікті кезекшілікте болады. Шомылу маусымы басынан бұл демалыс аймағында қайғылы оқиға тіркелмеген.Бұл туралы полковник Е.Бахаев өз сұхбатында атап өтті. Сонымен қатар қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған су қоймаларында 200-ден аса тыйым салу белгісі орнатылғанын, полиция қызметкерлермен бірлескен рейдтер ұйымдастырылатындығын атап өтті.
Сондай-ақ, жеке аквасаябақ иелерімен 9 меморандумға қол қойылып, аз қамтылған отбасыларының 300-ден астам балалары бассейндер мен аквасаябақтарда шомылып, демалуда. Бұл жұмыс шомылу маусымының соңына дейін жалғасады.







