В Акмолинской области в 2018 году планируется ввод 464,7 тыс. кв. м жилья по программе «Нұрлы Жер»

    В Акмолинской области в 2018 году планируется ввод 464,7 тыс. кв. м жилья по программе «Нұрлы Жер»

    Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкiров хабарлағандай, 5 айдың қорытындысы бойынша 212 мың шаршы метр пайдалануға берiлдi, ол туралы Ақмола облысы әкiмдiгiнде аппараттық кеңесте белгiлi болды.

    2017 жылғы қаңтардан бастап «Нұрлы Жер» жаңа мемлекеттiк тұрғын үй құрылыс бағдарламасы iске қосылды. Ақмола облысында осы бағдарламаның ипотекалық кредиттеудiң қол жетiмдiлiгiн арттыру; жеке құрылыс жүргiзушiлермен тұрғын үй құрылысын ынталандыру; тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесi арқылы кредиттiк тұрғын үй құрылысы; халықтың әлеуметтiк-осал топтары үшiн жалға берiлетiн тұрғын үй қорын құру; жеке тұрғын үй құрылысын дамыту сияқты барлық бағыттары жүзеге асырылуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылыс жоспары 127%-ға орындалды, 426 мың шаршы метр пайдалануға берiлдi, 8 км инженерлiк тораптар тартылды.

    Ағымдағы жылы 29 мың шаршы метр жалпы ауданымен 14 жалға берiлетiн тұрғын үйдi немесе өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық 511 пәтердi, сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесi арқылы 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсiмiмен 9,9 мың шаршы метр жалпы ауданымен немесе 160 пәтердi пайдалануға беру жоспарлануда.

    «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағытының аясында 14 елдi мекенде инженерлiк инфрақұрылымымен жер учаскелерi дайындалатын болады. Құрылыс жобалары жүзеге асырылған жағдайда, 2,5 мың жер учаскесi инженерлiк инфрақұрылыммен қамтамасыз етiледi, ол оларды алуға кезекте тұрғандардың санын төмендетуге мүмкiндiк бередi.

    Жеке құрылыс жүргiзушiнiң тұрғын үй құрылысын ынталандыруға үлкен назар аударылады. Облыс әкiмдiгiнiң жанындағы өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен ағымдағы жылы 1,7 млрд.теңге сомасына 5 жобаны субсидиялау мақұлданды.

    Бағдарламаны одан әрi жүзеге асыру мақсатында, қадағалайтын министрлiктерге 11,4 млрд.теңге жалпы сомасына инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым және жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысының 2019-2021 жылдарға арналған 3 жылдық жоспары енгiзiлдi. Ол құрылыс қарқынын жыл сайын көтеруге мүмкiндiк бередi және облыс тұрғындарының тұрғын үйдi сатып алу мүмкiндiгiн арттырады.

    Өңiр басшысы аудандар мен қалалардың әкiмдерiне «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын тұрғын үй, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы үшiн 2018 жылға бөлiнген қаражаттың уақытында игерiлуiн қамтамасыз етудi тапсырды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.