Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

    Құрылысшыларға құрмет көрсетілді

    Жылдағы дәстүр бойынша тамыз айында атап өтілетін Құрылысшылар күні мерекесі қар­саңында облыс әкімдігінің үлкен залында салтанатты жиын өтті. Мерекелік басқосуға аталған салаға жауапты басшылар мен мамандар және құрылысшылар қатысты. Шара бары­сында облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов жемісті еңбек етіп жүрген құрылысшыларды кәсіби ме­ре­ке­лерімен облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан құттықтап, істеріне сәттілік тіледі. Өз кезегінде облыстық құ­рылыс басқармасының басшысы Болат Тәкенов Жетісу жерінде жү­зеге асырылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, саладағы жемісті істерге шолу жасады.

    Жиында сондай-ақ, облыстың әр түкпірінде жолдар жөнделіп, көз тартарлық әлеуметтік нысандар мен сәулетті ғимараттардың және көп­қабатты тұрғын үйлердің көптеп бой көтеріп, ел игілігіне беріліп жатқаны және мұндай пайдасы мол шарапатты шаруаның әлі де болса жалғасып, жандануына Үкімет тарапынан ба­рын­ша қолдау көрсетіліп, қомақты қаражаттың қарастырылатыны ай­тылды. Жиында елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, еңбектеніп жүрген бір топ құрылысшының есімдері аталып, оларға құрмет көрсетілді.

    Марапатталғандар қатарында облыстық мемлекеттік сәулет-құры­лыс бақылау басқармасының басшы­сы Данияр Әбдібеков, «Еңбек» серік­тестігінің директоры Талипхан Әбіл­даев, «Құрылыс Жоба Сараптама» серіктестігінің сарапшысы Ким Ил­ларион, «ФУД МС» серіктестігінің директоры Сейітжан Құсайынов және орынбасары Молды Цакаев, облыстық «Мемсараптама» кәсіп­ор­нының сарапшысы Людмила Шуль­гина Қазақстан Республикасы Инвес­тициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық істері коми­тетінен берілген «Құрметті құры­лысшы» төсбелгісін омырауларына қадады.

    Облыс әкімінің Құрмет гра­мо­тасымен және Алхыс хатымен мара­патталған құрылысшылар да бірқатар. Бақтұр Жолжанов, Күләтай Исағұлова, Сандыбай Мылтықбаев секілді сала ардагерлері бағалы сыйлықтарға ие болды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.