
Қаржы министрлігінде өңірлік әдеп жөніндегі уәкілдеріне арналған оқыту семинар-кеңесі өтті
Кеңес жұмысында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің, «Білім» ҒЗИ-дың өкілдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар (министрліктер) қатысты.
ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Ташмағамбетов қызметтік әдеп нормаларын сақтау және бұзушылықтарын алдын алу бойынша2017 жылы жүргізілген жұмыстар туралы хабардар етті.
Оның айтуынша, 338 азамат, соның ішінде 228 мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет салаларындағы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Этика кодексі мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек алды.Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің жеке қабылдауында 164 адам болды.
2017 жылдың қорытындысы бойыншамемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін министрліктің 112 қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелеріндеқызметтік этика нормаларын ең көпбұзу саны тіркелген, ал: Алматы қаласы бойынша МКД – 37 теріс қылықтар немесе 33%; Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14теріс қылықтар немесе 12%; Қостанай және Қарағанды облыстары бойынша – 7 теріс қылықтар немесе 6 %»,- деп, хабарлады Толеген Ташмагамбетов.
Оның пікірі бойынша, қызметтік этика нормаларын бұзушылардың санының өсуінің негізгі себебі әр түрлі деңгейдегі жергілікті жерлерде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының басшылар тарапынан бақылаудың әлсіздігі, уәкілеттіөңірлердетүсіндіру жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілуі.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Пресс-служба Министерства финансов РК



