А. Баталов: «Тұрғындарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тұрақты тартуымыз керек»

    А. Баталов: «Тұрғындарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тұрақты тартуымыз керек»

    Облыс басшысы өз сөзінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент әлеуметтік қолдау шараларының айқын әрі ашық процедураларын белгілеуді, анықталған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық көріністерін аяусыз жазалауды тапсырғанын атап өтті.

    - Бірінші жартыжылдықта АӘК алып отырған еңбекке қабілетті тек 5 мыңға жуық азамат қана жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Сондықтан халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға тартумен жүйелі айналысуымыз керек. Және көмекке мұқтаждығын қолдан жасап отырғандардың жолын кесіп, АӘК төлемін нағыз мұқтаж жандар алатындай ретке келтіруге тиіспіз, - деп атап өтті А. Баталов.

    Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жүйесін жақсарту да аса маңызды екені айтылды. Мәселен, облыста 68,5 мың мүгедек жан тұрады, оларды оңалтуға бөлінетін қаржы 2015 жылы бір млрд. теңгеден биылғы жылы 3,3 млрд. теңгеге ұлғайтылды. Мүгедектердің ішінде 18,8 мың адам өзінің еңбекке қабілеттілігін сақтап қалған болса, соның 13,9 мыңы жұмыс істейтіндер қатарында. «Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен кедергіз араласуын арттыру жұмысын жалғастыруымыз керек», - деді облыс әкімі А. Баталов.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.