
Павлодар облысында орман және дала өрттеріне ден қою мәселелері бойынша бірлескен оқу-жаттығу өтті. Қазақстан тарапынан оқу-жаттығуға ТЖ аумақтық органының, Железин ауданы әкімдігінің, «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Үрлітөбе мекемесі» ММ, Ресей тарапынан РФ ТЖМ Омбы облысы бойынша Бас басқармасының күштері мен құралдары қатысты. Оқу-жаттығу Железин ауданының Раздельное ауылында шекара маңындағы аумақта өтті. Аталған оқу-жаттығуды Павлодар облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алексей Игоревич Двинянин басқарды.
Оқу-жаттығудың мақсаты-басқару органдарының, күштер мен құралдардың, өзара іс-қимыл жасайтын тараптардың құлақтандыру, жинау, табиғи өрт орнына марш жасау мәселелері бойынша іс-қимылдарын жетілдіру. Шекара маңындағы аумақтарда күштер мен құралдар топтамаларын өрістету, өзара іс-қимыл жасайтын тараптарының арасындағы байланысты ұйымдастыру, орман-дала (дала) өрттеріне байланысты өртті оқшаулау және жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайтын тараптар топтарының бірлескен іс-қимылдары мәселелерін пысықтау.
Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша Раздельное ауылының тұрғыны жолда келе жатып, Раздельное ауылынан 5 шақырым жерде дала өртін байқап, дереу 101 нөміріне хабарлайды. Железин ауданының күзеті бойынша № 22 өрт сөндіру бөлімінің кезекші радиотелефонисті Лесной селолық округінің әкіміне хабарлайды. Келген соң Лесной селолық округінің әкімі Железин ауданының әкімдігі бойынша кезекшіге орман алқабына өту қаупі бар Раздельное ауылының маңындағы дала алқабының жануы туралы ақпарат береді. Өрт аумағы 5 гектардан асады, Ресей Федерациясына солтүстік-шығыс бағытта таралу қаупі бар. Қолда бар күштер мен құралдар жеткіліксіз.Железин ауданының әкімі ТЖ жою бойынша аудандық штаб құрады, штаб бастығы аудан әкімінің орынбасары. Павлодар облысы ТЖ департаментіне өрт сөндіру барысы туралы ақпарат береді. Өрт алаңы 5 гектар, оның ішінде 2 гектар орман алқабы, орман-дала өрті, Ресей Федерациясына қарай өрттің таралуы бөлек ауылына қауіп төндірді. Сондай-ақ өртті жою үшін қосымша күштер мен құралдарды жіберу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Железин ауданының әкімінен сұраныс алады. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығына Железин ауданының Раздельное ауылында өртті жою үшін жиынтық колоннаны дайындауға және жіберуге нұсқау береді.
Өрт орнына құрамында 4 өрт сөндіру автоцистерналары, 2 қосалқы автокөлік және ММ жеке құрамының 28 адамы бар өрт сөндіру қызметінің жиынтық колоннасы келеді.
Сонымен қатар хабарлаудың мобильді кешені келеді, автокөлік резервте тұр, қажет болған жағдайда жақын маңдағы ауылдарды эвакуациялау кезінде іске қосылады.
Өрт орнына Ресей ТЖМ Омбы облысы бойынша бас басқармасының жеке құрамынан 12 адам және 4 бірлік техника бар РФ күштері мен құралдары келеді.
Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша барлық жоспарланған іс-әрекеттер нақты және уақытында пысықталды.







