СОСТОЯЛОСЬ СОВЕЩАНИЕ РАБОЧЕЙ ГРУППЫ ИКАО ПО РАЗРАБОТКЕ МАРШРУТОВ ОБСЛУЖИВАНИЯ ВОЗДУШНОГО ДВИЖЕНИЯ В ВОСТОЧНОЙ ЧАСТИ ЕВРОПЕЙСКОГО РЕГИОНА

    СОСТОЯЛОСЬ СОВЕЩАНИЕ РАБОЧЕЙ ГРУППЫ ИКАО ПО РАЗРАБОТКЕ МАРШРУТОВ ОБСЛУЖИВАНИЯ ВОЗДУШНОГО ДВИЖЕНИЯ В ВОСТОЧНОЙ ЧАСТИ ЕВРОПЕЙСКОГО РЕГИОНА

    Бүгін Астана қаласында Қазақстанның бастамасы бойынша ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросы Орталық Азия елдерін қоса алғанда, Еуропалық өңірдің шығыс бөлігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кеңесі өтті. Отырыстың басты мақсатытиімді әрі қауіпсіз азаматтық ұшуларды орындау мақсатында әлемде жаңа әуе жолдарын ашу болып табылады.

    «Қазаэронавигация» РМК бас директордың бірінші орынбасары Фаат Богдашкиннің айтуынша, Қазақстанның Еуропа мен Азия бағыттарының қиылысында бірегей географиялық орналасуы, өзінің әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесін дамытудың шешуші факторы болып табылады».

    «Казаэронавигация» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Қазақстан аумағында қазіргі уақытта ұзындығы 84 мың км. астам 92 әуе жолы бар. Көршілес мемлекеттер шекарасында 73 әуе дәлізі өтеді.

    «2017 жылғы 9 айда біз 183 мыңнан астам рейске қызмет көрсеттік, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға артық. Қазақстанның әуе кеңістігіндегі транзиттік трафик 5,2%-ға өсті. Әуе қозғалысы көлемінің өсуі Қазақстанда ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу және көптеген басқа халықаралық форумдар мен іс-шаралар өткізумен байланысты», - деді өз сөзінде Фаат Богдашкин.

    Кеңеске 30 алыс және жақын шетелдің авиациялық әкімшіліктері мен қызметтері қатысты. Атап айтқанда: ИКАО, Eurocontrol, Мемлекетаралық авиациялық комитеті, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА), және авиациялық кәсіпорындардың өкілдері.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.