Ресей, Әзірбайжан, Беларусь және Қазақстанның жас құтқарушалары Көкшетау қаласында жиналады

    Ресей, Әзірбайжан, Беларусь және Қазақстанның жас құтқарушалары Көкшетау қаласында жиналады
    Ақмола облысының Көкшетау қаласында 2019 жылғы 15-19 шілде аралығында І-Халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушыларының слеті өткізіледі. Қазақстан атынан Ақкөл балалар үйі тәрбиеленушілерінің командасы қатысады.
    Ресей, Әзірбайжан, Беларусь және Қазақстанның жас құтқарушалары қатысуға өтінімдерін берді, жақын арада Украина мен Өзбекістан қатысушыларының келісімдері күтілуде. Іс-шара ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау Техникалық институтының базасында өтеді.
    39 Aqmola IUNY Spasatel 2 Қазақстан 2018 жылы Республикалық біріншілігінде бірінші орынға ие болған, «Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйі» ММ тәрбиеленушілері - «Риск» командасын ұсынады.
    39 Aqmola IUNY Spasatel 3 Балалар Көкшетауға келді. Команданы жарысқа кәсіби мамандар, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, Көкшетау техникалық институтының ұстаздары бірлесіп дайындайды.
    Жас құтқарушылар «Өрт сөндірушілер эстафетасы», «Жауынгерлік өрістету», «Табиғи орта жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» және т.б.жарыстарға қатысады.
    Мариям Ешмухамбетова – жалғыз жас құтқарушы қыз өзінің алғашқы әсерімен бөлісті «Біз бүгін №26 өрт сөндіру бөліміне келдік, біз мұнда бір ай дайындаламыз. Осыған дейін, біз бір жыл бойы Балалар үйінің аумағында дайындалдық. Әрине, біздің Халықаралық жарысқа қатысуымыздың алдында жүрегіміз қобалжиды, себебі, біздің қарсыластарымыз да мықты. Бірақ, біздің жеңіске жететінімізге сенемін!»
    Бұл, біздің Республикамыздағы І-Халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың слеті екеніне назар аудару керек. Халықаралық іс-шара аясында Республикалық жарыс та өтеді, бұл жарыста Ақмола облысының намысын Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжi қорғайды.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.