Қонақ үйдегі өрт жойылды және жас футболшылар құтқарылды

    Қонақ үйдегі өрт жойылды және жас футболшылар құтқарылды
    Ағымдағы жылғы 16 маусымда жергілікті уақытпен сағат 00.19 - да Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ (бұдан әрі-қызмет) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының пультіне Әуезов көшесі 22 А мекен-жайында орналасқан 4 қабатты «Райхан» қонақ үй кешенінде, цокольдық қабаттан түтін валитасы туралы хабарлама келіп түсті.
    Гарнизон 2-ші шақыру дәрежесі бойынша көтерілді. Оқиға орнына қызметтің алғашқы жауынгерлік есептеулері 00: 26 сағат келіп жетті.
    Жедел штаб құрылды, ГТҚҚ екі буыны бірінші қабаттан төртінші қабатқа барлауға жіберілді, осы уақытта екі буынды цокольдық қабатта орналасқан, сауна мен кір жуатын орын орналасқан өрт ошағын сөндірумен айналысты, қатты түтінге байланысты «Hyndai» автокөлік базасында ГТҚҚ түтін сорғыш жұмыс істеді.
    Қызмет қызметкерлерінің күшімен 3 бала құтқарылды, құрамында қызметкерлері бар ГТҚҚ буыны қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Н.Серіков, бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Д. Сұлтанов, А. Амангелді және азаматтық қорғау кіші сержанттары С. Өтешов, 31 адам эвакуацияланды, оның 29-ы жарысқа келген балалар
    Барлық шұғыл әрекет ету қызметтерінің нақты және үйлесімді жұмысын атап өткен жөн. Барлық құтқарылғандарға жедел жәрдемнің келген қызметкерлеріне білікті медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндіру қызметінің экипаждары ауданды жедел қоршап алды, бұл өрт сөндіру автокөліктерінің тез және кедергісіз өтуіне ықпал етті.
    Өрт аумағы 9 м2, қонақ үйдің жалпы ауданы 903 м2.
    Өрт 01 сағат 28 минутта шектелді және 01 сағат 39 минутта толықтай жойылды. Өрттің алдын ала себебі анықталуда.
    Өрт сөндіруге «ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрамынан 32 адам және 8 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.