
Өрт сөндіру-құтқару спортынан өтіп жатқан жарыстардың алғашқы күні әйелдер құрамаларының айқын жеңістерін көрсетті. Қазақстанның облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларынан келген 10 құрама «Жастар» стадионының жүгіру жолақтарында кедергілердің 100 метрлік жолағынан өту жөніндегі жарысқа қатысты.
1997-2005 жылдар арасында туған қыздар мұның алдында жарысқан ерлердің дайындығынан кем түспеген дайындық деңгейін көрсетті. Жанкүйерлердің маңызды қолдауымен олар кедергілерден оңай өтіп, өрт жеңдерін бөліктерге шапшаң жалғастыра жеңдер желілерін жайды.
Жарыс аяқталған соң судьялар жеңімпаздардың есімдерін атап берді. Жалпықұрамалық сынақта Шымкент қаласының спортшылары бірінші орында, екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы өкілдері, ал үшінші орынды Ақтөбе облысынан келген құрама иеленді.
Жеке есепте үздік нәтижені Айдана Тұрсын көрсетті, екінші орынды Валентина Салмина иеленді (екеуі де Шымкент қаласы құрамасынан), үшінші орынды Алматы қаласынан келген Махаббат Молжанова жеңіп алды.Жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі есте қаларлық болды. Қыздарға «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ Атқарушы комитетінің директоры Дәурен Данаев алғыс сөздері мен тілектерін айтты. Ол әйелдер арасындағы турнир қатысушыларының жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске ұмтылысын атап өтті.
Жеңімпаздарды әйгілі әріптесі - РФ Омбы облысының ТЖМ Бас басқармасы басшысының орынбасары ішкі қызмет полковнигі Александр Рекин құттықтады. Ол қыздарға гүл шоқтарын сыйлап Өрт сөндіру-құтқару спортының халықаралық деңгейде әрі қарай дамуына нық сенімін білдірді.


