Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның халықаралық рейтинтердегі көрсеткіштерді жақсарту бойынша шаралар туралы брифинг өтті

    Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның халықаралық рейтинтердегі көрсеткіштерді жақсарту бойынша шаралар туралы брифинг өтті

    АСТАНА, 2018 жылғы 31 шілде – Сыртқы істер министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус және шетелдік бизнес қауымдастықтарының өкілдері үшін Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБҚИ ДЭФ) рейтингінде көрсеткіштерді жақсартуға қатысты күш-жігері бойынша брифинг өткізді.

    ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директоры Олжас Исабеков сыртқы саяси государственный орган басқа мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялармен бірігіп Қазақстанның «ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» рейтінгінде көрсеткіштерді жақсарту бойынша нысаналы жұмыс жасап жатқандығын атап өтті. Осыған орай, 224 нақты тапсырмаларды қамтитын 2018-2019 жылдарға ЖБҚИ ДЭФ көрсеткіштерін жақсарту бойынша Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылуда. Бұл жұмысқа мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен ұлттық компаниялар тартылған.

    «Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында Қазақстанның жылдамдатылған технологиялық, цифрлық және өнеркәсіп салаларында негізігі он міндеттерді айқындайтын дамыған 30 ел қатарына қосылу мақсатын тағы да белгілеген», - .деді О. Исабеков.

    Брифинг қатысушылары Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың басшылығымен қазақстандық делегацияның Давостағы ДЭФ 48-отырысының жұмысына қатысуы, сондай-ақ Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің ЖБҚИ позициясын жақсарту бойынша Қазақстанның күш-жігерін талқылау мақсатында ДЭФ басшылығымен кездесу қорытындыларымен таныстырылды.

    ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мадина Жүнісбекова өз баяндамасында 2017-2018 жылдарына арналған ДЭФ ЖБҚИ рейтенгінде Қазақстан Республикасы 4.35 орта балымен 57 орынға ие болғандығын атап өтті. Рейтинг 12 факторлардың негізінде шығарылады – институттар, инфрақұрылым, макроэкономикалық орта, денсаулық сақтау және бастапқы білім, жоғары білім және кәсіби дайындық, тауарлар нарығының тиімділігі, еңбек нарығының тиімділігі, технологиялық дайындық, нарық көлемі бизнес жүргізудің қиындығы, инновациялар.

    Қазақстан денсаулық сақтау және бастапқы білім, жоғары білім және кәсіби дайындық, технологиялық дайындық, нарық көлемі факторлары бойынша көрсеткіштерін жақсартқаны атап өтілді.

    Осылайша, «Денсаулық сақтау және бастапқы білім» факторы бойынша Қазақстанның позициясы 94-тен 59-шы орынға басым көпшілігінде бастапқы біліммен қамту бойынша статистиканың жақсаруы есебінен өсті.

    «Жоғары білім және кәсіби дайындық» факторы бойынша Қазақстанның позициясы 57-ден 56-шы орынға жоғарылады. 8 қазақстандық жоғары оқу орындары әлемнің үздік университеттері рейтингіне QS (Quacquarelli Symonds World University Rankings) кіріп, оның ішінде төртеуі ТОП-500-ге енген.

    М. Жүнісбекова «Standard & Poors, Moody's және Fitch халықаралық рейтингтік агенттіктері Қазақстанға «тұрақты» рейтингін берді. Макроэкономикалық ортаның айтарлықтай бәсеңдеуі мен қаржы нарығының дамуына тікелей байланысты бірқатар көрсеткіштер бойынша төмендеулер байқалады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.