
Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қолдауымен 2017 ж. 21-23 сәуір аралығында «Серпін» жастарының I республикалық форумын өткізді.
Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Э.Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрлігі кәсіптік және техникалық білім беру департаментінің директоры Н.Оспанова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Вице-президенті Т.Асқаров, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың, өңірлік білім басқармаларының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Даму» кәсіпкерлік қорының және БАҚ өкілдері, сондай-ақ «Серпін» бағдарламасына қатысушы 78 оқу орнының 150-ге жуық өкілдері қатысты.
Жоба бойынша 2016 жылы 125 түлек оқу орындарын бітірді. Олардың еңбекке орналасқаны 69 адам (55,2) Үстіміздегі жылы 4212 грант бөлінді: 3162 орын жоғары оқу орындарына, 1050 орын техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарына берілді.
Форумның мақсаты – үш жыл мерзім аралығында серпіндіктердің ортаға бейімделіп, жалпы жобаны жетілдіру, түлектердің еңбекке орналасуы бойынша бірқатар мәселелердің шешімін айқындау үшін бас қосу көзделінді.
Форумға қатысушылар форумның сұқбат алаңында «Серпін» әлеуметтік жобасының жаңа бағыттары бойынша ақпарат беру, әріптестермен тығыз қарыс-қатынас орнату, «Серпін» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды тиімді ұйымдастыру жолдары, білім алушыларды еңбекке орналастыру перспективасы жайлы пікір бөлісіп, тәжірибе алмасты. Форумның басты отырысынан тыс бағдарламалар аясында Серпіндік жастар «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу акциясына» атсалысып, «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш ардақтыларының жүріп өткен ізімен» айдарымен Семей қаласындағы Алаш қайраткерлерінің есімдерімен байланысты тарихи орындарға тағзым етіп, «Ұлылар мекеніне тағзым» арнаулы маршрут бойынша Жидебайдағы Абайдың республикалық қорық – мұражайына саяхат жасады. Сонымен қатар, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедрасында Жауынгерлік Даңқ музейінің ашылу салтанатына қатысты. КазГЮИУ студенттік Бизнес – инкубаторында «Идеялар жәрмеңкесінде» болып, тренингтері мен шеберлік сыныптарын өтті.



