В Вооруженных Силах Казахстана завершились боевые стрельбы взводов

    В Вооруженных Силах Казахстана завершились боевые стрельбы взводов

    Қазақстанның Қарулы Күштерінде взводтардың жауынгерлік атысы өтті. Далалық машықтанған дағдылардың тиімді нысаны ретінде командирлердің, штабтардың және бөлімшелердің даярлығы бойынша қазіргі заманғы жалпыәскери әскери атысты жүргізу барынша әскери жағдайға келтіріліп өткізілді. Күрделі ауа райында взводтардың жауынгерлік атысын қамтамасыз ету үшін жердегі және әуедегі нысаналар бойынша ату, жеке қорғаныс заттарынан дербес мақсаттар бойынша ату, теңіз жаяу әскерлерінің әскери машинасының атыс саңылауы арқылы ату, БТР-ге орнатылған зеңбіректен, броньды транспортерлерден ату, түнгі нысаналарды пайдалану арқылы түнде ату, сондай-ақ түрлі статистикалық және динамикалық нысаналарды пайдалану арқылы қол гранатасын лақтыру сияқты барлық қару түрінен ату қарастырылып, шынайы жауынгерлік жағдай жасалды. Взводтардың жауынгерлік атысын жүргізу кезінде тактикалық іс-қимылдың дұрыстығына, қаруды ұрыста епті және тиімді қолдана білуіне және бөлімшелердің атысты басқаруына, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауына ерекше назар аударылады. Әскери қызметшілер бейтаныс жерлерден жауынгерлік іс-қимылды жүргізу, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, бөлімшелердің атысты басқаруы, жүргізу ісі мен орнындағы және қозғалыстағы әскери машинадан атуды шеберлігін арттыру мәселелерін пысықтады. Еліміздің қарлы аймақтарында, атап айтқанда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жеке құрамымен міндеттерді пысықтау барысында жауынгерлік атысты шаңғыда орындауды жүзеге асырды. Жауынгерлік атысты бастар алдында взводтардың әскери қызметшілерімен есептоп, экипаж және бөлімше құрамында қауіпсіздік шараларының талаптары, сондай-ақ жеке даярлық бойынша сабақтар өткізілген болатын. Бір ай бойы оқуда жүргендер тактикалық және арнайы даярлық бойынша нормативтер мен атыс қаруынан, гранатометтен және әскери машинадан оқ атуды пысықтады. Взводтардың жауынгерлік атысы роталардың жеке даярлығы мен тактикалық оқу-жаттығу арасындағы бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімін байланыстырушы кезеңнің бірі болып саналады. Сондай-ақ басқарманың тактикалық бөлім жөнінде командирінің басшылығымен жауынгерлік міндеттерді орындаудағы даярлық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.