Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Вашингтондағы халықаралық симпозиумға қатысты

    Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Вашингтондағы халықаралық симпозиумға қатысты

    Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың жетекшілік етуімен діни экстремизммен күрес мәселелері бойынша халықаралық симпозиумға қатысты. Қазақстан қорғаныс ведомствосының өкілдерімен қатар Иордания, Кувейт, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы және Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ, Вашингтон қ. Ұлттық қорғаныс университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияның Стратегиялық зерттеулер орталығының мамандары шақырылды. Қатысушылар бүгінгі таңдағы діни экстремизммен күрес жөніндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ, аталған проблеманы шешудегі діннің рөлін талқыға салды. АҚШ Құрлық әскерлері Орталық қолбасшылығының өкілдері, Бостон университетінің саясаттанушы ғалымдары, АҚШ Құрлық әскерлері Орталық қолбасшылығының капелландары баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар, симпозиум барысында үгіт-насихатқа қарсы тиімді жүйені әзірлеу, мемлекет пен дінге, шиеленістен кейінгі дінаралық қарым-қатынастар мәселелері көтерілді. 403


    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.