XII Астана экономикалық форумына әлемнің 100-ден астам елінен делегат қатысады

    XII Астана экономикалық форумына әлемнің 100-ден астам елінен делегат қатысады

    16-17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін және Қазақстан үшін оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуді талқылау мақсатында жаһандық көшбасшылар мен жетекші халықаралық сарапшылар жиналады.

    «Форумның күн тəртібі әлемдік экономиканың, өнеркәсіптің және технологиялардың жаңа салаларын дамыту, сондай-ақ Қазақстанның және әлемнің басқа елдерінің алдында тұрған жаһандық сын-қатерлері сынды маңызды мәселелерді талқылауды қамтиды», - деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлік Қаражан.

    Іс-шараға қатысушылар тұрақты өсудің жаңа жолдарын, адам капиталының дамуы мен білім және инновация халықаралық орталықтары есебінде қалалар әлеуетін күшейтуді талқылайды.

    «Астана экономикалық форумының іс-шаралары дәстүрлі түрде панельді сессия, дөңгелек үстел, конференция және бизнес-диалог форматында өтеді. Форумда барлығы 50 ивент жоспарланған», - деп атап өтті.

    Биылғы жылы АЭФ-2019 әлемнің 100-ден астам елінен келген 5 мыңға жуық шетелдік делегаттың қатысуымен EXPO Конгресс-орталығында және «Hilton Astana» қонақүйінде өтеді.

    Источник: Служба центральных коммуникаций МИОР Р К

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.