
Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Иран, Тәжікстан, Түркіменстан, Үндістан, Малайзия елдерінен келген құрыш білек спортшылардың байрақты бәсекесінде Жәнібек ауданының Талов ауылынан Рахат Қабылов жеңімпаз атанса, қамыстылық Рахат Көшкінғали күміс медальға ие болды. Айта кету керек, қазіргі таңда екі спортшыны Орал қаласындағы №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Мұрат Ибатов жаттықтырады. Ал Рахат Көшкінғалидің алғашқы жаттықтырушысы қамыстылық Марал Төлешев.


