
Ресеймен шектесетін шағын округ аумағында республикаға белгілі "Жайық мұнай" ЖШС орналасқан. Сондай-ақ округте егін шаруашылығы табысты өркендеуде. Үміткер тұлғаларға мәслихат депутаттары ауылды одан әрі дамыту бағытындағы жоспарлары туралы сұрақтарын жолдап, ой бөлісті.
Мемлекеттік қызметте іс-тәжірибесі мол, елде іске асырылып жатқан бағдарламалар жайын терең меңгерген бастамашыл тұлғалардың қайсысы әкімдік лауазымға ие боларын қарашаның алғашқы күні өтетін сайлау анықтайтын болады.






