Ашық фестиваль мәреге жетті

    Акимат района Бәйтерек·
    Ашық фестиваль мәреге жетті

    Бәйтерек, Тасқала, Бөрлі және Қазталов аудандарынан келген өнер ұжымдарының гала-концертіне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тастанұлы өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілеп, дүлдүл музыканттардың саф өнеріне құрмет білдіре келген көрерменге ризашылығын жеткізді.

    Әлемдік деңгейдегі авторлардың шығармалар шырқалып, бірегей таланттардың туындылары орындалған кеш әдемі үйлесімде түйінделді. Сондай-ақ көрермен назарына өнер тарихы мен талантты тұлғалар туралы деректер мен музыка аспаптары қойылған көрме ұсынылды. Кеш соңында барлық өнер ұжымына естелік сыйлықтар табысталды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.