Сұлукөлде жаңа әкім сайланды

    Акимат района Бәйтерек·
    Сұлукөлде жаңа әкім сайланды

    2019 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 36-1 бабына сәйкес аудан әкімі Асхат Шахаровтың 2019 жылғы 7 қарашадағы №245 өкімімен Радим Қадемұлы Рахметов Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

    Жаңа әкімді ұжымға аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

    Р.Рахметов 1974 жылы дүниеге келген.

    Ұлты қазақ.

    Білімі екі жоғары.

    1997 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін экономист, 2001 жылы Орал басқару және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1993-1997 жылдары Казталов ауданының қаржы бөлімінің аға экономисті болып бастаған.

    1997-1999 ж.ж. Казталов аудандық аурухана бас дәрігердің экономика саладағы орынбасары;

    2002-2005 ж.ж. Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі;

    2009-2016 ж.ж. Жеке адвокат, нотариус;

    2010-2017 ж.ж. Казталов аудан әкімі аппаратының бас инспекторы;

    06.2019-11.2019 жыл Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің құқық мәселелері жөніндегі бас инспекторы;

    07.11.2019 жылдан Сұлукөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.