
Бүгін Егіндібұлақ ауылында "Ақбұлақ" бағдарламасымен таза ауыз су құбыры іске қосылды. Маңызды шараға аудан әкімі Асхат Шахаров қатысып, ауыл халқының қуанышымен бөлісті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Стратегиялық бағдарламасы мен Жолдауында көзделген міндеттер бойынша әрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге жасаған сапары барысында қойылған тапсырмаларын орындау аясында биыл ауданда 7 ауылға су құбырын тарту және жаңарту жұмыстары басталды. Соның ішінде Асан және Үлкен Шаған ауылдарына су тарту жобасы 2020 жылы аяқталса, қалған ауылдарға жыл соңына дейін таза ауыз су беріледі.
Егіндібұлақтағы 145 ауладан бүгінге дейін 40 отбасы су құбырын үйлеріне жүргізіп алған. Бұл жұмыстар ауылда қарқынды жалғасуда.







