
Жерұйық көрем десең Кегенге Кел!
Тамыры терең, топырағы құнарлы, табиғаты ғажап, ғасырға жуық тарихы бар Кеген ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай бірқатар іс-шаралар салтанатты түрде аталып өтті.
Бұл өлке - аузы дуалы, қол бастаған батырлардың, ел басқарған көсемдер мен сөзге шешен билер мекендеген өңір. Бүгін ауданымызға облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов арнайы келді. Райымбек бабамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ауданымыздың 90 жылдық мерей тойын а арнайы Аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлының қолдауымен 90 метр көрпе 90 кг күріш 90 кг бауырсақ пісіріліп, халыққа таратылып берілді 90 метр көрпені Тасашы ауылдық мектеп интернатына табыс етілді.
Аудандық мәдениет үйінде обылыс әкімінің қатысуымен мерекелік кешпен жалғасты. Кеште Амандық Ғаббасұлы ауыл жұртшылығына өзінің жылы лебізін білдіріп, Кеген ауылдық Мәдениет үйінің Кеген халық театрына 1 , спорт сауықтыру кешеніне 1 және аудандық ауыруханасына 3 жедел жәрдем авто көліктің кілтін табыс етті.
Аудан әкімі Талғат Ескендірұлы ауданымызға ерең еңбегі сіңген Нурпейіс Т.Ә, Қасымберкебаев Т.Қ, Молдасанов.Қ.Ж Нұрдавлетов.М. Кеген ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыс етіп, шапан жапты. Ауданымыздың мерейтойына барлық ауылдық округтер атсалысып 15 қазақ үй тігіп, ауыл жұртшылығы дәм татып, қуанышқа кенелді.








