«Балалар алаңы» ашылды

    «Балалар алаңы» ашылды

    Ауданымыздың 90 жылдық мерей тойына арнайы аудан әкімі Байедилов Талғат Ескендірұлының қолдауымен Кеген ауылының орталығынан «Балалар алаңы» ашылды.Ұлы Абайдың өзі « Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»- деген.
    Балалар алаңының ашылуына «Қазақ соқырлар қоғамы Жетісулық қоғамдық бірлес тігінің оқу өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкершілігімен салынды. Балалар алаңының ашылуына «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің директоры Қасымберкебаев Тәңірберген,Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің кафедра меңгерушісі,филиология ғылымдарының докторы,профессор Қалиев Байынқол, Кеген ауданының ардақты анасы Қайынбаева Әзият апайларымыз «Балалар ойын алаңының» лентасын салтанатты түрде қиды. Шара өз жалғасын тауып ауданымыздан шыққан өнер жұлдыздарының концерті және от шашумен аяқталады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.