Оралда «112» жедел желіcі іске қосылды (СУРЕТ)

    Оралда «112» жедел желіcі іске қосылды (СУРЕТ)

    Орал қаласында тәулік бойы төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы не шұғыл көмекті қажет ететін өзге де жағдайлар туралы хабарлама қабылдайтын «112» бірыңғай желісі пилоттық режімде іске қосылды. Шұғыл нөмірдің іске қосылу барысы талқыланған жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысты.

    Облыстық Полиция департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, егер сіздің өміріңізге, денсаулығыңызға, мүлкіңізге, қоршаған ортаға нақты қауіп төнгенде осы нөмер бойынша қоңырау шалу қажет. «112» бірыңғай желісінде өрт сөндіру қызметі (101), полиция (102), Жедел медициналық көмек (103), авариялық газ қызметі (104) секілді қызметтердің нөмерлері бар. Бұл ретте кез келген телефоннан шұғыл қызмет нөміріне қоңырау шалу тегін. «112» нөмірі бойынша көмекке жүгінген адам шақыру себебін, оқиғаның нақты мекенжайын, аты-жөнін атап, мүмкіндігінше диспетчердің барлық сұрақтарына түсінікті жауап беру керек.

    Пилоттық жобаның тиімділігімен танысқан өңір басшысы жедел желі қызметкерлеріне сәттілік тілеп, Орал шаһарындағы бірқатар цифрлық жобалармен танысты.

    Айта кетсек, Ғ.Қараш көшесі 33/2 мекенжайында орналасқан IT мектептің ашылу салтанатына қатысып, Digital Aqjaiyq мобильді қосымшасының презентациясымен, Smart Uralsk ғимаратында IT HUB және «Инватакси» жобаларымен танысты. Аталмыш жобалар болашақта жүзеге асып, тұрғындар үшін тиімділігі артпақ.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.