Министр XIX қысқы Сурдлимпиадада жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы спортшыларын құттықтады

    Министр XIX қысқы Сурдлимпиадада жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы спортшыларын құттықтады

    Италияның Валкьявенна қаласында өткен XIX қысқы Сурдлимпиадада шахматтан еліміздің ерлер құрамасы алтын алды. Осынау халықаралық байрақты бәсекеде "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан" спортшыларымызды ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтады.

    Құрметті спортшылар!

    Қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған XIX қысқы Сурдлимпиадада алтын медаль иегері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

    Сіздердің бұл жетістіктеріңіз XIX қысқы Сурдлимпиадада еліміздің алғашқы жеңісі ретінде тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихында өшпес із қалдырады.

    Бүкіл әлем халқының алдында қазақ спортшыларына тән қайсар мінез көрсетіп, озық екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздердің жеңістеріңіз еліміздің жас спортшыларына үлгі болары анық.

    Ал біз, барша отандастарыңыз, Сіздер сияқты батыл, ержүрек спортшыларымыздың арқасында шынайы мақтаныш сезіміне бөленіп отырмыз.

    Сіздерге шексіз алғысымды білдіре отыра, алдағы уақытта тек жеңіс тілеймін,-деп жазылған құттықтау хатта.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.