Созақ ауданына сенатор Әли Бектаев іс-сапармен келді

    Созақ ауданына сенатор Әли Бектаев іс-сапармен келді


    Созақ ауданына ҚР-ның Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев іс-сапармен келді. Аудан әкімдігінде тұрғындармен кездесіп, жуырда іске қосылатын ЮКСЕС-50 күн электір энергиясын өндіретін зауыт құрылысмен танысты.
    Халық қалаулысы аудан әкімдігінің мәжіліс залында, аудан тұрғындарымен кездесті. Сенат депутатымен кездесуге, мұғалімдер, дәрігерлер, мекеме бөлім басшыларымен ардагерлер және аудан тұрғындары қатысты. Өз сөз інде Әли Әбдікәрімұлы «Парламент депутаттарының халықпен кездесудегі басты мақсаты ұсыныстарыңызды тыңдап, талап, тілектеріңізді жеткізу. Мемлекет басшысының бізге қойған міндеті де осы. Сондықтан кез- келген пікір- ұсыныстарды тыңдауға, сіздермен ой бөлусіге әзірмін», - деді.
    Заң шығару билігін жүзеге асыратын орган ҚР Парламентідегі қызметіне тоқталған сенатор, жыл бойы атқарылған жұмыстарымен бөлісті. «Бүгінде мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"
    атты халыққа арнаған Жолдауында, бәрімізге жаңа міндіттер жүктеді.

    Жолдауды негізге алған ҚР парламенті де,өз кезегінде қоғамның дамуына септігін тигізетін заңдар қабылдауға үлестерін қосуда.Соның бірі «Педагогика мәртебесі» туралы заң. Бұл заңда ұстаздар қауымына біршама артықшылықтар ұсынылуда»,- деді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласына, егістік жерді тиімді пайдалану, жастармен жасалынып жатқан жұмысқа тоқталды. Жиын барысында Созақ ауданының Құрметті азаматы Мыңжасар Асқаров, аудандық мәслихаттың депутаты Берік Тұрғанбаев жарыссөзге шығып, өз ұсыныстарын білдірді.
    Кездесу соңы қатысушылар тарапынан қойылған Жолдауға және ел өміріне қатысты сұрақтарға жауап берумен тиянақталды.
    Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Салыхан Полатов өңірге ат басын бұрған халық қалаулысына алғысын айтты.

    Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.