
8 қаңтар күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә. Қыраубаевтың төрағалығымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы сатып алу мәселесі бойынша отырыс өтті. Отырысқа облыста бір көзден сатып алу тәсілі арқылы әлеуметтік топтама сатып алуға жататын сауда нысандарының, «Каспий» ӘКК өкілдері, сонымен бірге аудандар мен қалалардың әлеуметтік салаға жетекшілік жасайтын орынбасарлары, әлеуметтік сала мамандары қатысты. әлеуметтік кепілдендірілген топтаманы сатып алу мәселелері пысықталып, тапсырмалар берілді.


