Дмитрий Баландин Қытайдағы Сhampions swim series турниріне қатысады

    Дмитрий Баландин Қытайдағы Сhampions swim series турниріне қатысады

    14-16 қаңтар аралығында Қытайдың Шеньчжэнь қаласында халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымы өтеді.

    Аталған бәсекеге FINA рейтингінде ең жоғары орынға ие Олимпиада және әлем чемпиондары келеді. Бұл қатарда отандасымыз Рио олимпиадасының жеңімпазы Дмитрий Баландин де бар.

    Қазақ спортшысы 15 қаңтар күні 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесіне қатысады. Айта кетейік, бұл қашықтықта 2015 жылғы әлем чемпионы германиялық Маркус Кох, Еуропа чемпионы нидерландтық Арно Камминга, олимпия ойындарының күміс жүлдегері Джон Перно бақ сынасады.

    Дмитрий Баландин Champions Swim Series турнирінің бірінші маусымында Токио олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

    Жалпы додаға 26 мемлекеттен 70 спортшы келеді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.