Дмитрий Баландин Champions Swim Series бәсекесінде қола жүлдеге ие болды

    Дмитрий Баландин Champions Swim Series бәсекесінде қола жүлдеге ие болды

    Бүгін Қытайдың Шеньчжэнь қаласында халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан Champions Swim Series турнирінде Дмитрий Баландин қола жүлдегер атанды.

    Ол брасс әдісімен 100 метрлік қашықтықты 1:00.55 көрсеткішімен жүзіп өтті.

    Жалпы есепте нидерландық Арно Камминга (58.61) жеңімпаз атанса, екінші орынды қытайлық Зибей Ян (59.02) алды.

    Сонымен қатар, сәл кейінірек Баландин 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден жарыс жолына шығады. Дәл осы бағдарламада 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) мен Олимпиаданың күміс жүлдегері Джон Прено (АҚШ) да бар.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.