Бүгін ауданда мемлекеттік және банк қызметшілері кәсіподағының есептік-сайлау конференциясы өтті.

    Акимат района Бәйтерек·
    Бүгін ауданда мемлекеттік және банк қызметшілері кәсіподағының есептік-сайлау конференциясы өтті.

    Барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары жиылған конференцияға облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Серік Сүлеймен арнайы қатысты. Конференцияның күн тәртібінде тұрақты төралқаның және ревизиялық құрамның есебі тыңдалып, жаңа төралқа мен ревизиялық құрам қайта жасақталды. Өз кезегінде Серік Кенжебекұлы осы кезге дейін аудандық кәсіподақ ұйымына төрағалық еткен Асылбек Ищановқа ризашылығын білдіріп, кәсіподақ ұйымы төрағасы лауазымына Рамазан Исмағұловтың кандидатурасын ұсынды. Ұсыныс делегаттар тарапынан қолдау тауып, Рамазан Тастайұлы төраға болып сайланды. Жиын соңында Серік Кенжебекұлы кәсіподақ жұмысына ұзақ жыл белсенді үлес қосқан еңбек ардагері Жігер Меңешевке "Кәсіподақ қайраткері" төсбелгісін табыстады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.