Омбыда «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

    Омбыда «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

    21 қаңтарда Ресейдегі Қазақстан кино фестивалінің аясында Омбы қаласындағы «Вавилон» кино орталығында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссёр, сценарист Рүстем Әбдіраштың фильмі қазақ тілінде (орысша субтитрмен) көрсетілді.

    Айта кетейік, бұл туынды Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының желісімен түсірілген кинодилогияның бірінші бөлімі.

    Қазақ хандығының құрылуы мен Жәнібек, Керей сұлтанның рөлі туралы кинотуындының авторы – Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.