Счастливая семья

    Счастливая семья

    Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тарапынан « Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 17 шілдесі мен 12 тамызы аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде есепте тұрған 125 азаматқа жолдама берілді.

    «Көп балалы отбасы» санатына кезек ретімен 135 азаматқа қатысты анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 57 азаматқа жолдама берілді.

    Жолдама алған 57 азаматтан бүгінгі таңда 27 адамның банктегі несие өтінімі мақұлданса, банк тарапынан 2 азаматқа ресми бас тарту берілсе, 8 азамат жолдама берілгеннен кейін банкке кепіл беруші (созаемщик) таба алмауына, табысының асуына, жабылған несиелері туралы өзге банктерден анықтама алу мүмкіндігінің (Альянс банк) болмауы салдарынан бағдарламаға қатысудан бас тартты.

    «Толық емес отбасы» санатына кезек ретімен 102 азаматқа қатысты анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 30 азаматқа жолдама берілді.

    Жолдама алған 30 азаматтан бүгінгі таңда банктен несие өтінімі мақұлданғаны – 12, банк тарапынан ресми несие беруден бас тартылғаны - 6, ал жолдама алғаннан кейін банкке созаемщик таба алмауына, табысының асуына болмауы салдарынан бағдарламаға қатысудан бас тартқандар саны - 2.

    «Мүгедек баласы бар жанұя» санатына кезек ретімен 72 азаматқа қатысты анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 38 азаматқа жолдама берілді.

    Жолдама алған 38 азаматтан бүгінгі таңда 9 адамның банктегі несие өтінімі мақұлданса, банк тарапынан 11 тарапынан ресми бас тарту берілді, ал 8 азамат банкке созаемщик таба алмауына, табысының асуына болмауы салдарынан бағдарламаға қатысудан бас тартты.

    Қазіргі таңда, несиесі мақұлданған 48 азаматтың ішінде 4 азамат төлем қабілетінің төмен болуына орай бағдарламаға қатысудан бас тартып отыр. Сондай-ақ, несиесі мақұлданған азаматтардыңы ішінде 30 азамат қолданыстағы үйлерден, 14 азамат жаңадан қолданысқа берілген үйлерден үй алуда.

    Бүгінде 40 азамат банктен несие рәсімдеу жұмыстарын аяқтап, өз үйлерінің кілттерін алды.

    Жаңадан қолданысқа берілген үйлерден үй алуға ерік білдірген 14 азаматтың 14-не тұрғын үй құнының 10 пайызы көлемінде алғашқы жарна есебінде әкімдік тарапынан 13 087 400 теңге көлемінде, соның ішінде 9 көп балалы отбасына – 8 487 400 теңге, 3 толық емес отбасына – 2 600 000 теңге, 2 мүгедек баласы бар жанұяға – 2 000 000 теңге тұрғын үй сертификаттары аударылды.

    Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 04 қарашасынан бастап үнемделген қаржы есебінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жолдамалар беру жаңартылып, бүгінде 44 азаматқа (көп балалы отбасы – 27, толық емес отбасы – 9, мүгедек баласы бар жанұя – 8) жолдама берілді. Бүгінгі таңда, аталған азаматтар төлем қабілеттілігін растау үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ МОФ-на жолданды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.