АУДАН ӘКІМІ ШІЛІКТЕ ЕСЕП БЕРДІ

    АУДАН ӘКІМІ ШІЛІКТЕ ЕСЕП БЕРДІ

    Ауданымыздың бас қақпасы саналатын Шілік ауыл округінің тұрғындарымен жүздескен аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов атқарған жұмыстары туралы есебін беріп, алда тұрған міндеттермен таныстырды.
    Қашанда еңбек пен нәтижелі жұмыстардың арқасында ауылдың жыл санап өсіп-өркендеп келе жатқаны көңіл қуантады. Мәселен Шілік ауылында «Нұр-Шілік» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде тауықтық құс фермасы мен мал сою алаңшасы жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек сүт өңдеу цехы «Береке» тауарлы маркасымен өнім шығарса, «Гүлмайра» шұбат өңдеу цехы құтыдағы «Отырар шұбаты» өнімін дайындап еліміздің бірқатар қалаларына жөнелтіледі. Сондай-ақ Жаңа Шілік елдімекеніндегі Қ.Мұңайтпасов көшесін жарықтандыру, ұзындығы 800 м болатын А.Құнанбаев көшесін асфальттау, Ескі Шілік елдімекеніндегі ұзындығы 1550 м болатын Қожа Ахмет Яссауи көшесі асфальттау, Хабибулла, Амалбек және Ардагерлер, Жеңіс көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Тағы бір айта кететін жайт Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған елге тағзым» акциясы аясында осы ауылдың азаматы, белгілі кәсіпкер, меценат Серікжан Сейітжановтың демеушілігімен «Ел Ана» монументі салынып, 200 жылдық тарихы бар Ескі Шілік елдімекені мен 50 жылда жаңа кейіпке енген Жаңа Шілік елдімекенінің құрметіне арналған «Құтты мекен Шілік» атты тарихи-естелік кітабы жарық көрді.
    Аудан әкімі 2020 жыл ауданымыз үшін, оның ішінде Шілік ауыл округі үшін мерейлі де, берекелі жыл болғанын тілге тиек етті. Ағымдағы жылы ауыл округіне қарасты елді мекендерде газдандыру, жарықтандыру, ішкі көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
    Жиын барысында аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, еркін форматта пікір алмасты.
    Көпшілік аудан басшысының өткен жылы атқарған жұмыстарына өте жақсы деген бағаларын берді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.