
"Қару-2020"
Облыстағы жедел жағдайды сауықтыру, атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымнан тәркілеу мақсатында ағымдағы жылғы 5-7 ақпан аралығында облыс аумағында "Қару-2020" жедел-профилактикалық іс шарасы өткізіледі. Іс-шара заңсыз түрде қаруды сақтаған тұлғаларды анықтау, оқтарды, жарылғыш құрылғыларды халықтан алу мақсаттарын көздейді. "Қару-2020" жедел-профилактикалық іс шарасын өткізуде Орал қ.ПБ жеке құрамы мен барлық күштері жұмылдырылып, тексерістер өтеді. Қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау бойынша баптарды, заңдылықты бұзғаны үшін тұрғындарға арналған жауапкершілікті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Орал қ.ПБ ӘПб



