
2020 жыл - «Еріктілер жылына» орай Мемлекет басшысы бастаған#bizbirgemiz эстафетасын Қасқабұлақ ауылының жастары жалғастырып, ауылдағы көп балалы, жалғыз басты, аз қамтылған отбасылардың үйлерін қардан аршып беріп қолғабыс жасады. Осы орайда айналасына пайдасын тигізуді көздеген ауданымыздағы еріктілердің қатары күн сайын артып келеді.
Бұл акция барлық ауылдарда жалғасын табатын болады.




